Қосу және азайту. 26+34, 60-26
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Amirova Gulmarzhan Kadirlovna
|
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту. 26+34 60-26
Сабақтың мақсаты: 1. санның ондық құрамы жайындағы білімге сүйеніп, ондықтармен және бірліктермен амалдар орындау және разрядтан аттап екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту әдістерін пайдалана білуді меңгерту;
2. оқушылардың математикалық тілін, есте сақтауын, зейінін, танымдық қабілеттерін дамыту;
3. оқушыларды тапқырлыққа, жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: екі таңбалы сандарды әр түрлі әдістермен шешу жолдарын түсінеді, топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.
Сабақтың түрі: білім, білік, дағдыны қолдану сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, талдау, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: ойын материалдары, тірек сөздер.
Сабақтың жүрісі:
I. Қызығушылықты ояту.
а/ Топқа бөлу. ә/ Ой шақыру. Кел, ойнайық! «Аялдаманы хабарла».
II. Мағынаны тану.
а/ Оқулықпен жұмыс.
№1. Қосындылардың мәндерін табу: 20+30 6+4 50+10
№2. Жазуларды пайдаланып, қосудың тәсілдерін түсіндіру:
26+34= (26+30)+4 26+34= (26+4)+30 26+34 =(20+30)+(6+4)
№3. Қосындылар мен айырмалардың мәндерін табу: 50-20 10-6 30+4
№4. Жазуларды пайдаланып, азайтудың тәсілдерін түсіндіру:
60-24 =(60-20)-4 60-24= (60-4)-20 60-24 =(50-20)+(10-4)
ә/ Сергіту сәті.
б/ Топпен жұмыс. №5. Түсіндіре отырып, шығару. Өрнектердің мәндерін табудың тиімді әдістерін таңдайды.
№6. Есептерді салыстыру, не байқағанын түсіндіру.
Домбыра – 40 Қобыз – 24
Қобыз - ? 16-сы кем Домбыра - ? 16-сы артық
40+(40-16) =64 (а) 24+(24+16) =64 (а)
Жауабы: барлығы 64 аспап Жауабы: барлығы 64 аспап
в/ Өз бетіндік жұмыс. «Балапанға көмектес». Жеке оқушымен жұмыс.
г/ Топпен жұмыс.
1 топ. Бұл фигуралар жөнінде не білесіңдер? Төртбұрыштың периметрін табыңдар.
2 топ. Бұл фигуралар жөнінде не білесіңдер? Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
3 топ. Бұл фигуралар жөнінде не білесіңдер? Шаршының периметрін табыңдар.
III. Ой толғау. Бүгін не үйрендік?
24+65 9+2-1 63+21 4+9-6 89-24 8+7-3 84-21 9+3-7 72+17 7+5-8 10+3-4
О Қ У Т Ү Б І - Т О Қ У
Қандай мақал шықты? Мағынасын түсіндір. Оқу жөнінде тағы қандай мақалдар білесіңдер?
IV. Бағалау. Үйге: №7.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 12.71 Kb |
Количество скачиваний: | 24 |