"Отбасы дағдарысы" 6-8 сынып ата-аналары арасында өткізілген дөңгелек үстел

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Отбасы дағдарысы

(6-8 сынып оқушылары мен ата-аналар арасындағы дөңгелек үстел)

Армысыздар , құрметті ата-аналар , қадірменді оқушылар! Бүгінгі «Отбасы дағдарысы» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!

Отбасы-бұл тәрбие ошағы. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің ерекшелігі-оның тұрақтылығында. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттік көрінісі айқын сезіліп тұрады. Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады. Отбасының негізгі міндеті - баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында сезімдерді қалыптастырады. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам. Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Егеротбасында ата-аналарөзара жақсы қарым-қатынаста болса, перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі.

«Тәрбие-отбасынан басталады» дейтін болсақ, біздің отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасымыз қандай? Ал ата-ана, ертеңгі үміт күткен балаларымызға беріліп жатқан тәрбиеміз қандай? Міне, осындай сұрақтарға жауап іздеу үшін, құрметті ата-аналар, сіздерді дөңгелек үстелімізге пікірлесуге шақырып отырмыз. Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай өрбітсек.

1-бөлім: «Ойға шабуыл» (Мұнда оқушылар мен ата-аналарға сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға өз ойымызды айтсақ.

Ата-аналарға берілетін сұрақтар:

  1. Отбасы дағдарысы дегеніміз не?
  2. Кикілжің отбасындағы балатәрбиесі қандай?
  3. Отбасы бақытын бұзатын қандай қандай жағдайлар деп ойлайсыздар?

Оқушыларға берілетін сұрақтар:

  1. Отбасы деген сөзді қалай түсінесің?
  2. Сенің өміріңде ата-ананың орны қандай?
  3. Ата-анаңныңқандай жақсы үлгі алатын қасиеттерін атай аласың?

Осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс жасауына жағдай туғызу керек. Ата-аналар мен оқушылардың жауабынан соң қорытынды жасалып ортаға мынадай сұрақ тасталады.

-Сіз отбасы дағдарысын болдырмас үшін алдын-ала қандай шара қолданар едіңіз?

Мұғалім: Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, Ана-отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Ата-анаға баладан артықешкім жоқ. Сондықтан болмасын баласыныңбілімді, парасатты,мәдениетті, тәртіпті, , әдепті болуын қалайды.

2-бөлім. «Бүгінгі менің ойым» деп аталады

Оқушыларға және ата-аналарға жағдаяттар таратылады.

Ата-аналарға берілетін жағдаяттар:

  1. Қызы мектептен келіп анасына: “Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді,”-десе, анасы: “Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма”,-депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?
  2. -Ой, мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз?-деген сөзі сізге ауыр тие ме, әлде бұл сөзді жиі естуге тура келетін кездер болды ма?
  3. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол: “Ән тыңдап отырмын”,- деп барудан бас тартады. Сіздің бұл жағдайға әрекетіңіз қандай?

Оқушыларға берілетін жағдаяттар:

  1. -Мұны дұрыс жасаған жоқсың!- деп анаң саған ұрысып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме? Дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе?
  2. Сіздің басыңызға қиын сәттер туды делік. Сіз осы жағдайды ата-анаңа айтар ма едің?
  3. Мектептегі ата-аналар жиналысына анаңыз бара алмайтындығын айтты.Анаңды жиналысқа баруға қалай көндірер едің?

Мұғалім: Ана - барлыққиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы, сонымен қатар перзент тәрбиелеуші, қамқоршы. «Бала - өмірдің қызығы» сол себепті балаларымызды қадағалаусыз қалдырмай, оларға дұрыс тәлім-тәрбие беруді қолға алған жөн.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.24 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 168

Похожие материалы