Отбасы- тәрбие ошағы. Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңыздылығын тәрбиеге қатысты айтылған.“Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не ба

Предмет: Воспитательная работа
Категория материала: Статьи
Автор:

Отбасы- тәрбие ошағы.

Жакипова Ұ.А. №136 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңыздылығын Абдолла Аблонидің тәрбиеге қатысты айтылған мына сөзінен аңғаруға болады: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, — деген екен.

Бүгінде тәрбие мәселесі өзектілігі жағынан еліміздегі экономикалық, экологиялық проблемалардан еш кем емес, сондықтан тәрбие мәселесін алғашқы орындарға қоюға тиіспіз деп ойлаймын.

Өйткені еліміздің, ұлтымыздың болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгіде өскелең ұрпаққа әлемдік ғылым мен даму деңгейіне сай білім мен тәрбие беру қоғамның міндеті болып табылады. Тәуелсіз мемлекет мәртебесін сақтап қалу да, оның болашағы да осы мәселеге зор мән беруді талап етеді.

Енді негізгі мәселеге келсек, бала тәрбиесінде отбасының ролі ерекше. Отбасы─ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы оның туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты.

Дана халқымыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп,салт-дәстүрге, әдепке зор мән беріп отырған.Қазіргі уақытта бұл жағдай өмір талабына қарай біршама өзгеріп отыр. Байлық пен барлық алдыңғы қатарға шығып, ал рухани байлық кейінге ысырылған. Бүгінде баламды ештеңеден мұқтаж етпеймін деп күйбең тіршілік қамымен жүріп балаға ең қажетті тәрбие екенін ұғынбайтын да, тәрбиеде ең бастысы тәртіп деп балаға тым қатал қарайтын да, қазіргі балаға қатты айтуға болмайды деп баланың ыңғайымен жүретін де, менің жиғаным балама жетеді деп қалтаға сенетін де, басқа жұрт не десе о десін менің балам ең тәуір бала деп баланы жақтап отыратын ата – ана да жоқ емес. Негізінде балаға қойылатын талаптың да, оған берілетін еріктің де өз шегі болуы керек енеіне ата-ана үлкен мән беруі керек деп ойлаймын. Бала үшке толғаннан «болады» мен «болмайдыны» білуі тиіс. Кейбір ата-ана бала тәрбиесін бес жастан бастаймын деп те жатады. Ал бала бес жастан қазір мектепке барады. Сонда мектепке келген бала өзіне рұқсат етілетін мен етілмейтінді ажырата алмаса одан не үміт, не қайыр. Мұғалім оған қалам ұстап жазуды үйрете ме, әлде болатын мен болмайтынды ажыратуды үйрете ме.

Ата – ана балабақшамен, мектеппен тығыз байланыста болуы керек. Бірақ осы мәселеге келгенде уақыт тауып, менің баламның сабағы қалай, өз тобында немесе сыныбында оның орны қандай деп көңіл бөлетін ата – ана өте аз. «Уақыт жоқ, үйдегі шаруам қалады немесе жұмыстан қолым тимейді» деген сияқты біздің тарапымыздан сылтау көп болып жатады. Сол сылтауларымыз азайса, ата – ана үшін бала өзінің орнының бөлек екенін ,олардың назарында жүргенін сезінер еді деп ойлаймын.

«Балаға жаның ашыса, оны аяма» деген де сөз бар. Осы айтылған сөздің мағынасына тоқтап кеткім келіп отыр. Әрбір балада тәулігіне 2-3 сағат ғана бос уақытқа бөлінуі тиіс, ал басқа уақытта бала сабақта, үй тапсырмасын орындауда немесе ата –анасына үй шаруасына көмектесуі керек. Бос уақыты көп бала түрлі жаман әдеттерге үйірсек болып,теледидардан және интернет желісінен жат нәрселерді қарап, өзіне қажет емес ақпараттарды алары анық жағдай. Есін білетін әрбір баланың бәрі тұрмыс жағдайында адам баласына қажетті әрбір заттың қайдан, қалай, қанша еңбектің, қаржының арқасында келіп жатқанын ұғынып өсу керек. Біз балаға, аяқ астында тегін жатқан нәрсенің жоқтығын, оның үлкен еңбек арқылы келетінін, бала санасына жеткізіп отыруға міндеттіміз.Сонда ғана бала ата-ананың еңбегін бағалап, құрметтер еді.

Шәкәрім атамыздың « Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл,таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, баланы дұрыс қалыптастыру үшін оны туған кезінен баста ата-анасы қолға алуы керек.

Қортындылай келе Әл-Фарабидің мына сөздеріне тоқтала кетсек : «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді . Сондықтан да жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды елін,жерін,салт-дәстүрін құрметтеуге үйретіп , жақсы ұрпақ тәрбиелеп шығару баршаға бірдей міндет.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 203.86 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 157

Похожие материалы