Отбасылық қаражат ашық сабақ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

            Дүниетану 3- сынып

             Сабақтың тақырыбы: Отбасылық қаражат.

   Сабақтың мақсаты: балаларды «отбасылық қаражат» түсінігімен таныстыру, танымдық қызығушылығын дамыту.

   Сабақтың көрнекілігі: «Отбасылық қаражат» сызба-кестесі, карточкалар.

   Сабақтың барысы:                                    

   I. Өткенді қайталау.

   Балалар өткен сабақтардағы отбасының берекесі туралы тақырыптарды қайталайды.

   II. Тақырыпқа кіріспе.

   «Отбасылық қаражат» неден тұрады? Отбасылық қаражат қалай құралады?    Бүгінгі сабақта біз осындай маңызды сұрақтарға жауап іздейміз.

   III. Сабақ тақырыбымен жұмыс.
   1. Ақша деген не?

   Бүгінде адам еңбегімен жасалған дүниенің бәрі, киім-кешек, азық-түлік, қызмет түрлері - бөріне ақша төленеді. Ақша - алғымыз келетін дүниені сатып немесе ауыстырып алуға мүмкіндік беретін ерекше тауар. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге. Әрбір отбасында ересектер жұмыс істейді және ай сайын еңбекақы алып отырады. Ақша отбасының қажеттіліктеріне жұмсалып, артылғаны келешекке сақталады.

   2. Сызба  құру.

 

                       

  ҚАРАЖАТ

           

Зейнетақы мен еңбекақылар

 

   

Шаруашылықтан түсетін ақша     

   

Сыйақы, ұтыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Сызба құрған кезде мұғалім балаларға табыс, шығыс, салық, үнем (суды, жылу мен электр қуатын үнемдеу), жинақ, пайыздық өсім және т.б. сөздерді түсіндіріп береді.

   - Отбасында тағы кімдер бюджетті толықтыруға үлес қосады? (Әжелер мен аталар).

   -Сендердің әжелерің мен аталарың ақша ала ма? Ол қалайаталады? (Зейнетақы).

   3. «Отбасылық қаражат» мәтінін оқу. Отбасы қаражатын үнемдеу және дұрыс жұмсау.

   4. Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша әңгімелесу:

   - Отбасылық қаражат деген не?

   - Ересектер мен балалар отбасы қаражатына қалай қарауы қажет?

   5. Топтық жұмыс.

   - «Отбасылық қаражат» тақырыбына математикалық тапсырма ойластыру.

   - Жоспарлау мүмкін емес табыс түрлері бола ма?

   - Жоспарлауға келмейтін шығын бола ма?

   6. Тапсырманы дәптерге орындаймыз. Сөздік қоры: табыс, шығын, үнемдеу, жинақ, зейнетақы, стипендия, т.б.

   IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

   V. Үй тапсырмасы.Мәтінді оқып, өз отбасыңда бір күнде жұмсалатын шығын тізімін жаса.

 

«Отбасы» тақырыбына тест

   1. Отбасына кімдер кіреді?

   а) Достарым, мұғалімдер

   ә) Нағашыларым, немере туыстарым

   б) Ата-әжем, әке-шешем, туыстарым.

   2. Отбасындағы ер адамның міндеті

   а) Тамақ жасау, үй жинау
   ә) Білім алу, оқу

   б) Отбасын асырау, үйдегі ауыр жұмыстарды атқару

   3. Үлкенге деген құрмет, бұл:

   а) Еркелету, сыйлық әперу

   ә) Айтқанын тыңдау, сыйлау, көмектесу

   б) Үлкендер демалып жатқанда мазасын алу

   4. Анаңның әке-шешесі сен үшін:

   а)Нағашы
   ә) Жиен

   б)Немере

   5.Зейнетақы деген не?

   а) Әкеме еңбегі үшін төленеді

   ә) Атама күнкөріс үшін төленеді

   б) Ағама жақсы оқығаны үшін төленеді.
  

Тест жауаптары: 1-б, 2-б, 3-ә, 4-а, 5-ә.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 31.89 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 183

Похожие материалы