«Отбасым –бақыт мекенім» Өзін-өзі тану пәні бойынша
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бейсембекова Нина Владимировна
|
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: «Отбасым –бақыт мекенім»
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсніктерін қалыптастыру.;
Дамытушылық: Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Әдіс-тәсіл: сөздік,көрнекілік, практикалық
Сөздік жұмыс: бақыт, мекенім,
Көрнекі құралдар: Фото суреттер, плакат, бейнетаспа, слайд,желім.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Сәлем саған, алтын күн!
Сәлем бердік қонақтар!
Балалар әуенмен қосылып өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.
Сәлемдеседі!
Ұйымдастыушылық-ізденістік
Әңгімелесу.
Балалар барлығымыз экранға назар аударайықшы.
Кімді көріп отырсыңдар?
Сара Алпысқызы Өзін-өзі тану пәнінің жаңашыры, негізін қалаушы.Ол кісі адамдарды сүйіспеншілікке мейірімділікке Адамдарды сыйлауға,ең бастысы отбасындағы бірлік, тыныштық екенін жеткізді. Бұл кісі балалармен көптеген еңбектер жасады.
- Ал, балалар келесі суретке назар аударыңдаршы? Нені және кімдерді көріп отырсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Балалар суретке қарап отырып өлең шумағын бірге айтайық.
-Балалар өлең кім туралы айтылады?
Балалар бүгін біз бәрімізге қымбат сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз.
Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Сен отбасыңда кімсің?
Отбасы мүшелері бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасайды?
Үлкенді құрметтеуді , кішіге қамқор болуды кімнен үйренеміз?
Тыныштық сәті. Көздерін жұмып, ата мен әженің, ана мен әкенің сендерді жақсы көргенде қалай ерекелетіндерін естеріңе түсіріңдерші?
Ғажайып сәт:
Балалар қане көздеріңді ашыңдар бейне таспаға көңіл аударыңдаршы? Ғажайып бір тосын сый сыйлағым келіп отыр.
Қандай керемет!! Тамаша!!Сендерді ата-аналарын қатты жақсы көреді екен.Сеңдерді «Күнім», «Айым», «Жұлдызым». «Балапаным» деп аспандағы ғажайып нәрселерге сүйкімді балапанға теңейді екен.
Өте жақсы балалар енді Қ.Ыдырысовтың «Әже мен Бағлан» өлеңінен көрініс тамашалайық.
Балалар өлеңде не жайында айтылған?
Әжесі немересін қалай еркелетеді?
Кандай сөз немересіне ұнамай қалды?
Отбасына арналған тақпақтарынды айтып беріндерші?
Балалар біз енді ағылшын тілінде отбасына арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Әңгімелесу:
Әрбір адамның өз отбасы болады.
Әкесі анасы, атасы әжесі, ағасы әпкесі, іні , сіңілісі ,қарындасы болады.
Ата мен әке қандай адамдар?
Әже мен ана ше?
Аға мен іні қандай адамдар?
Әпке , сіңілі қарындастар олар ше?
Аналар мен қыздар қандай жұмыс істейді?
Ұлдар мен әкелер ше?
Үйде барлығы жақсы көңіл күйде жүру үшін не істеу керек?
Балалар мен сендерге үйден отбасымен бірге түскен суреттеріңді алып келуді тапсырғанмын.Қазір біз осы суреттерімізден екі топқа бөлініп, әдемі коллаж жасаймыз.
Шығармашылық жұмыс:
Музыка әуенімен балалар жұмыс жасайды.
Дәйексөз:
Отбасы ол үлкен қуаныш, шаттық , мейірімділік қамқорлық, сүйіспеншілік , ортасы. Халқымызда «Тәрбие-отбасынан басталады» -, деген сөз бар,бала отбасында жаңашырларымен тәрбиеленген өскенде әдепті , ақылды азамат болып шығады.Отбасы мүшелері қашан да көмектесуге, қамқоршы болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.Біздің парызымыз Отанымызды қорғау.Отанын сүйген бала отбасында сүйеді.
Балалар экрандағы суреттерге қызығушылық танытады.
Айша:
Сара Алпысқызы
Тәрбиешінің айтқан сөзін мұқият тыңдап отырады.
Бес саусақты және отбасы мүшелелерін.
Бес саусақ:
Бас бармағым – атам үйдің данасы,
Балаң үйрек- әжем, ошақ анасы.
Ортан терек- әкем, отау панасы
Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары
Ал, біз бала – отбасының базары.
Өлең отбасы туралы айтылған.
Отбасы деп бір үйде туратын ең жақын туыс адамдарды айтамыз. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.
Әкем мен анамның баласымын.Атам мен әжемнің немересімін.
Әңгімелеседі, бірге отырып тамақ ішеді. Бірін –бірін сыйлайды.
Ата мен әжеден, әке мен анамдан, аға ман әпкеден яғни үлкендерден үйренеміз.
Балалар көздерін жұмып көз алдарына елестетеді.
Бейнетаспадан балалар ата-аналарының еркелеткен сөздерін
тыңдайды.
Әжесінің немересіне деген махабаты.
«Жүрегім», «тірегім» «жаным», «бағлан қозым» деп еркелетеді.
«Қарғам» деген сөзі ұнамай қалды.
Б. Әмина:
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Еңді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
Сымбат:
«Күнім», «Жаным» дегенді ,
Шыңғыс: «Құлыншағым» дегенді,
Ж.Ерасыл: «Ботақаным» дегенді,
Азат: «Қошақаным» дегенді
Рауан: «Айналайын» дегенді.
Д.Ерасыл: «Толған айым» дегенді,
Зарина:
Зат из е мазэ
Ай эгри ши из файн
Ю лав е мазэ
Энд ай лав майн.
Жантөре:
Ай лав май мазэ
Ши из кайнд энд ши из гей
Ши ридз ми букс
Энд хэлпс ту плей
Ахмет:
Ай лав май фазэ
Ай лав май мазэ
Ай лав май систэ
Ай лав зэм ол
О.Айша
Ай хэв э фазэ
Ай хэв э мазэ
Ай хэв э бразэ
Май фэмэли из
Ер адамдар
Әйел аналар.
Ұлдары
Бұлар сүйкімді қыздар.
Тамақ істейді, үйді ретке келтіреді.
Үйдегі ауыр жұмыстарды жасайды, ауыр
көтереді.
Бір-бірін ренжітпей үлкендердің тілін алу, кішілерге көмектесу қамқор болу керек.
Балалар өз отбасының фотосуреттеріне,желім жағып, бірге топтасып жұмыс жасайды.
Балалар «Тәрбие- отбасынан басталады» -, деген сөзді қайталайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Бүгінгі оқу іс әрекетінде қандай тақырыпта әңгімеледік.
Отбасы деп кімдерді айтады?
Оларды қалай құрметтейміз?
Фотосуреттерімізден не жасадық?
Отбасымыз бізге қандай тосын сый жасапты?
Амина мақалыңды айтып берші
Туыстар бір түбірден өскен алып ағашты бұтақтары тәрізді екен.Сендер сол ағаштың бір-бір жапырағысыңдар. «Отбасым- бақыт мекенім» деген осы.
Жүректен жүрекке:
Балалар біздің әр қайсымыздың отбасыларымыз бар.Ал, біз балабақшада өзіміз бір отбасымыз.Олай болса бір-бірімізге жақсы сөздерімізді жылы лебіздерімізді білдірейік.
Отбасымыз туралы әңгімеледік.
Ата-әже, әке-ана, аға-әпке Үлкендерді сыйлаймыз, кішілерге қамқор боламыз
Коллаж жасадық
Ата-аналарымыздың бізді қалай еркелететінін білдік.
Амина:
Ата-бәйтерек,
Ана-етегіндегі бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ.
Бақыт тілеймін!, Денің сау болсын!Сен өте әдепті баласын! Аспаның ашық болсын!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Отбасы деген сөзді түсінеді.
Түсінеді: Отбасында бір-бірін сыйлауды, құрметтеуді
Меңгереді: Отбасының қымбат әрі өте жақын екенін меңгереді
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.99 Kb |
Количество скачиваний: | 30 |