Отбасындағы кикілжіңнің бала психологиясына әсері

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

  Бала өсе келе әр нәрсені көргісі, білгісі келеді. Қазақтың тәрбиесінде «жоқ,  болмайды» деген сөздер  жиі  қолданылады, ол дұрыс емес. Мүмкіндік болса балаға жағдай жасау керек.

   Баланың бабын тапсаңыз, жылы сөзді аямасаңыз, онда бекерден-бекер ашуланбайды. Балаға керек  ата-аналық махаббат болмаса, бала ата-ананың жан жылуын сезіне алмаса, ашуланшақ болады. Әке-шешесінің сауаттылығы мол болса, баласының жан-дүниесін айтқызбай ұқса, абайлап сөйлесе, ашуланшақ балалар болмас па еді?! Керісінше, отбасында баланы психологиялық қарама-қайшы тәрбиелейтін ата-аналар бар.

 

   Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Жанұялық жайттар балаға теріс әсерін тигізеді. Ата-ана өз баласын күнде көрген соң мінез-құлқын байқамайды. Отбасылық реніштер, ұрыс-керіс, айқай-шу, ажырасу, ішімдік салдарынан туындайды. Көп ата-ана «бала емес пе, түсінбейді немесе  білмейді» деп мән бере қоймайды. Біреуге тәуелді болып, жан-жағына жалтақтап, қорқақтап өскен баладан еркін ойлы, әр ортада өзін емін-еркін ұстайтын азаматты тәрбиелеу қиын болады. Бала кішкентай болсын, баламен әрқашан үлкен адамдарша сөйлесіп, жекімей, бәрін рет-ретімен түсіндіру қажет. Ата-ана баланың араласып жүрген ортасынан да хабардар болуы қажет. Олардың отбасынан да мағлұмат болуы ата-анаға жақсы. Өйткені, кей баланы орта тәрбиелейді. Достары жақсы болса алаңдамайсыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 169

Похожие материалы