Отчет на тему Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексифтік есеп.
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Етекбаева Арай Бактыбаевна
|
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексифтік есеп.
Екінші бетпе - бет кезеңінде мен биология пәнінен 7 «а» сыныбында төрт сабақ өткіздім.
Оқытудың тиімділігін арттыру немесе оқушылардың бойындағы өзгерістерді ашудың бірден – бір тиімді әдісі диалогтық оқыту болып табылады. Диалогтық оқыту әдісі мұғалімдердің барлық сабағында қолданылады десем , өтірік айтқаным болмас.
Диалогтық оқыту – оқушы мен мұғалімнің жаңалық ашу мен білім алуда өзара қарым – қатынас орнату әдісі болып табылады. Диалогтық оқыту әдісін зерттеген Мерсер /2000/ болып табылады. Мерсер диалогтық оқытудың үш түрін ашқан. Олар төмендегідей үлгіде:
· Пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды.
· Кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір – бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді.
· Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 33.39 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |