Открытий урок на тему «Алгоритм командалары, құрылымы. ЭЕМ-мен есепті шығару кезеңдері»
Предмет:
|
Информатика
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Тажиева Шынаргуль Ермекбаевна
|
Здесь была ссылка на работу Открытий урок на тему «Алгоритм командалары, құрылымы. ЭЕМ-мен есепті шығару кезеңдері» автора Тажиева Шынаргуль Ермекбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: «Алгоритм командалары, құрылымы. ЭЕМ-мен есепті шығару кезеңдері.» Сабақтың түрі: Дәріс сабақ, ақпараттық хабарлау, жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға алгоритм командалары, құрылымы бойынша жаңа білімді меңгерту. Алгоритм командаларының түрлерімен алгоритмнің құрылымымен таныстыру Алгоритм құруға үйрету Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. логикасын одан әрі дамыту. оқушылардың ой-өрісін Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық сауатылыққа тәрбиелеу. алгоритм құруда ұқыптылыққа өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу Сабақта қолданылатын оқытудың әдістері: 1. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША Әр түрлі деңгейде оқыту әдісі бойынша: жуан жіңішке сұрақтар қою арқылы. Адаптивті жүйе әдісі бойынша: Өз бетінше тапсырмаларға шешім табу. 2. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША Интерактивті оқыту әдісі, баяндау, сұрақ-жауап. Тірек сызба (Шаталов ) Саралап – деңгейлік әдісі. . САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ Әдістемелік: Үлестірмелі материалдар Блиц тест Техникалық: Интерактивті тақта Слайд ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ САБАҚТА АТҚАРЫЛАТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ Пәнаралық байланыс: «Математика» «Геометрия» «Сызу» Сабақта қолданылатын өзіндік жұмыстардың түрлері: Өз бетінше есептер шығару, тақтамен жұмыс. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Информатика А. Г.Гейн Москва «Просвещение» 1997 2. Геометрия 7-11 Погорелов 3. Информатика және ЕТ негіздері 9 класс 4. Информатика 9 класс 5. Информатика негіздері (ғылыми-әдістемелік журнал) САБАҚ БАРЫСЫ ІІІ. Сабақтағы бөлімдерге берілген уақыт : Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі .(3мин) II. Үй тапсырмасын тексеру (25мин) Бағдаршам «Таңдайық, таңданбайық- жауабын бірден табайық!» III. Жаңа сабақты түсіндіру.(25мин) IV. Жаңа сабақты пысықтау . (15мин) Деңгейлік тапсырмалар Қорытындылау. (5мин) VI. Білімгерлердің білімін бағалау(5мин) VII. Үйге тапсырма (2мин) І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1-кезең. Бағдаршам. (слайд сұрақтарына жауап беру) 1. Алгоритм дегеніміз не?(Белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын реттелген амалдар тізбегі деп қарастыруымызға болады.) 2. Алгоритм қасиеттері? (Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті, алгоритмнің үзіктілік қасиеті, алгоритмнің нәтижелік қасиеті, алгоиритмнің жалпылық, ортақты, формальді қасиеті.) 3. Алгоритм жазу түрлері? (Табиғи, графикалық, алгоритмдік,программалау тілі.) 4. Алгоритмнің жалпылық, ортақтық қасиетін қалай түсінесін ? (Алгоритм құрғанды белгілі бір жеке проблемаға ғана арнамай, осы сияқты проблемалардың шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құру керек. Бұл қасиет алгоритмнің пайдалану құндылығын арттырады). 5. Логика дегеніміз не? (бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.) 6. Логика алгебрасы кімнің еңбектерінде пайда болды? Джордж Бульдің (XIXғ) 7, Алгоритмдік тіл дегеніміз не? орындалатын әрекеттерді, амалдарды біріңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесі. 8.Алгоритмдік тілдің жалпы жазылу түрі? Алг алгоритмнің аты Басы Алгоритм командалары Соңы 9. Қызметші сөздер қалай жазылады? (Қысқаша, асты сызылып жазылады.) 10. Позициялық санау жүйесінің түрлері? (Ондық, екілік, сегіздік, оналтылық.) 11. Компьютердің негізгі құрылғылары? (Жүйелік блок, монитор, пернетақта.) 12. Сүт қайнату алгоритмін рет – ретімен орналастыр? 1. Ыдысқа сүт құю 2. Сіреңкені от жағатын жерге тосу 3. Газ кранын ашу 4. Ыдысты плитаға қою 5. Сіреңкені жағу 6. Сүт қайнағанша куту 7. Газды өшіру 13. Қандай екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар? (3,5) 14.Пернетақтада неше перне бар ? (101-103) 15. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтір? (обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды ) 16. Қарапайым есептеулерді жүргізетін программа? (Калькулятор) 17. Конъюкция бұл логикалық? (Көбейту) 18. Көмекші блоктарға нелер жатады? (алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы, байланыс сызықтары). 2-кезең Жаңа сабақты түсіндіру. ІІІ. ЖАҢА САБАҚ . «Алгоритм командалары, құрылымы. ЭЕМ-мен есепті шығару кезеңдері» Алгоритм құрылымы • Сызықтық немесе тізбекті алгоритм -Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм • Тармақталу (таңдау)алгоритм -Шартты тексеру арқылы орындалатын алгоритм • Қайталау (циклдік) алгоритм - Белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталанатын алгоритм Сызықтық алгоритмге мысал. алг үй тапсырмасын орындау басы күнделікті алу, тиісті бетін ашу, үй тапсырмасын анықтау үй тапсырмасын орындау күнделікті орнына қою соңы Тармақталған алгоритмге мысал ЭЕМ-нің көмегімен есептерді шығару кезеңдері. ЭЕМ көмегімен есептерді шешуге дайындау процесінде бірнеше кезеңді ерекшелеуге болады: 1. Математикалық модель құруды қамтитын есептің қойылуы (есептің математикалық қойылуы). 2. Есепті шешудің алгоритмін жазу. 3. Программаны құрастыру және қатесін жөндеу 4. ЭЕМ-де есепті шешу және нәтижелерді талдау. Бекіту тапсырмалары. Сәйкестендір. Сызықтық Белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталататын алгоритм Тармақталу Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм Қайталау Шартты тексеру арқылы орындалатын алгоритм Алгоритмнің қызметші сөздері? (Дұрыс табылса, шар әуеге қалықтайды. БАСЫ , СОҢЫ, БІТТІ, АРГ, ЕГЕР, ӘЙТПЕСЕ, ОНДА, НӘТ 1-деңгей Өзіңе таныс бірнеше (3) алгоритмді мысалға келтір. Жұмыс дәптерге пункттер бойынша жаз. II-деңгей у функциясының мәнін табу алгоритмін және блок-схемасын құру.. Шығарылуы: А) алг у –мәнін есептеу арг х нәт у басы R1:=x*x R2:=5*R1 R3:=R2-5 R4:=x*x R5:=R4-7 Y:=R2*R5 Соңы III-деңгей 1-есеп. Блок – схемасы, алгоритмін құру керек. a және b натурал сандары берілген. Егер a үлкен болса b-дан екеуінің айырмасын, ал егер кіші болса, онда қосындысын есепте: алг өрнектің мәні ; арг a , b; нәт с; басы егер a > b онда с:= a - b әйтпесе с:= a + b; бітті с-ні шығар; соңы иә жоқ 2-есеп. егер 3-есеп. Блиц тест. ІV. Оқушыларды бағалау V Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.Үй жұмысы. Үйге тапсырма А) егер белгілі болса мына формулаларды есептеу алгоритмін және блок-схемсын құру. Ә) Жазықтықта жатқан кез-келген екі нүктенің арақашықтығын табу алгоритмін, блок-схемасын құру. VІ. Сабақты аяқтау.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
365 Kb
|
Количество скачиваний:
|
17
|
Просмотров: 110
Похожие материалы