Открытого урока "Өсімдіктер әлемі"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Нуржанова Жанар Аллажаровна
|
Сабақтың мақсаты:
1.Білімдімділігі: Өткен өсімдіктер тақырыптары бойынша алған білімдерін пысықтау,бекіту;
2.Дамытушылығы: Топпен жұмыс істей білуге және шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын көбейту;
3.Тәрбиелілігі: Өсімдіктердің пайдасын біліп,оларды күтіп баптауға,қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың барысы. 1.Топтастыру;
2. Шығармашылық кезеңі «Оқы,үйрен,ізден!»
3.Ой қозғау кезеңі.
4.Бой жазу кезеңі.
5.Қорытынды кезеңі.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.
Сынып ұранымен сабақты бастау:
«Ардақта тіліңді,
Ал одан білімді.
Өз тілің үйретер,
Өнерді,ғылымды.
Оқусыз-білім жоқ,
Білімсіз-күнің жоқ!»
ІІ. Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
1-топ. «Жемістер-көкөністер»
Әр оқушы өз тобына байланысты,берілген тақырыпқа сай дайындап келген шығармашылық жұмыстарын оқып, қорғайды.
Ажар-пияздың пайдасы туралы;
Серік-қауынның пайдасы;
Айгерім-баклажанның пайдасы;
Ерхан-картоптың пайдасы;
2-топ. «Жабайы өсімдіктер»
Айгүл-қоңырау гүлдің пайдасы;
Әсел-долананың пайдасы;
Әсет-жусанның пайдасы;
Озат-күймесгүлдің пайдасы;
Жанат-еменнің пайдасы,
3-топ. «Дәнді дақылдар»
Дария-бидайдың пайдасы;
Гүлжаз-күріштің пайдасы;
Ерасыл-арпаның пайдасы;
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 54 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |