Открытый урок "Қазақшаңыз қалай "
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Омарова Жумабала Кузыбаевна
|
Мақсаты:
Білімділік: сөздік қорын арттыру, спорт тақырыбын бекіту.
Дамытушылық: дүниетану мен өрісін кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлем талдауға дағдыландыру .
Тәрбиелік: өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, салауатты өмір салтын тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
I. Мұғалім: Уа, спорт!
Сергектікті сенен алып келеміз
Ширақ біздің жанымызбен ,денеміз
Сенде әділдік, сенде шындық, тазалық
Сенде арман, сенде шабыт, толғаныс
Сенде ізгілік, құрмет және ар-намыс!
II. Балалар, «Спорт» сөзін немен байланыстырасыңдар, көз алдыңа не елестейді?
Ту,алау,жарыс,олимпиада,ұран,жеңіс,жанкүйерлер, жаттықтырушы,жеңімпаз т.б.
III. Ал, спорт түрі туралы қазақша айтып көрейік.
Спорттың түрлері көп. Бірі күшті болуға, екіншісі жылдамдылыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Ұлттық спорт ойындарын атаңдар. /тоғызқұмалақ, бәйге, арқан тарту,қазақша күрес.
Оқушылар ұлттық ойындар туралы мәлімет береді.
Мұғалім: Балалар, І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында Ақан сері Құлагерді осындай бәйгеге қосады. Бірақ, Құлагерді Ақан серімен өштескен Батыраш үлкен сойылмен өлтіреді.
IV . Қазақстан мерейін өсірген спорт.
Бұған дәлел 7-ші Қысқы Азия ойындары. Сендер қандай қазақстандық спортшыларды білесіңдер?
/Серік Қонақбаев, Ольга Шишигина ,Жақсылық Үшкемпіров туралы мәліметтер айтылады. /
V. Топпен жұмыс .
1)Мақал-мәтелдерді жалғастыр
2)Диалог құрастыру / берілген сөз, сөзтіркестері
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 33.49 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |