Открытый урок на тему"Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар"
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Габбасова Эльмира Ерсаиновна
|
Күні:21.11.2014жыл
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар
Сабақтың мақсаты: алгоритмдерді сөз және графикалық түрде жазуды үйрету;
алгоритмді жазу түрін, блок – сызбалар қызметін, алгоритмнің
блок – сызба графикалық элементтерінің жазу түріндегі
бұйрықтарға сәйкестігін білу;
сызықтық құрылымды, алгоритмнің блок – сызбасын құруды
үйрету.
Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм орындаушысына анықтама беріңдер
3. Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды атаңдар:
• аяқ киім жөндеу
• тісті емдеу
• көлікті жүргізу
4. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығы қандай?
5. «білім» сөзін жазу алгоритмін құрып жазыңдар
6. Шардың суретін сал алгоритмі кестесін толтырыңдар
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритмнің жазылу формалары:
• сөздік
• графикалық
• алгоритмдік тілде
• программалау тілінде
Алгоритмнің графикалық түрде кескінделуі
Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады. Оны
блок – сызба деп атайды. Блок сызбада әр іс – әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы мен соңы сопақша шеңбермен ( эллипс) сипатталады. Іс – әрекет тіктөртбұрышта жазылады. Блок – сызбадағы барлық элементтер бір – бірімен нұскармен ( стрелка) байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтері параллелограммға жазылады.
№
Блоктар кескіндемесі
Блоктар қызметі
1
Алгоритм басы
2
Алгоритм соңы
3
Есептеуіш әрекет
4
Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару
5
Байланыс бағытын көрсету
Мысалы: Екі санды қосудың блок - сызбасы
1. Алгоритмді бастау блогы
2. a мен b мәндерін енгізу
3. с =a+b өрнегін есептеу
4. с =нәтижесін есептеу
5. алгоритмді аяқтау
IV. Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар
1. Алгоритмнің жазылу формаларын атаңдар.
2. Блок – сызбаның элементтерін сипаттаңдар.
3. Жоғары (Ж), Төмен (Т), Солға (С), Оңға (О) пайдаланып, РОБОТ ПОРТРЕТІ алгоритмінде сурет пайда болатындай бұйрықтарды аяқта.
Басы
5С 3Т 2О 1Т 3С 4Т 1О 3Ж 1О 7Т 1С 1Т 2О 4Ж 1О
...
Соңы
4. Алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.
Басы
Қарындашты ал.
Шаршылар бойынша диктант жаз:1Ж 1О 3Ж 2С 3Ж 2О
1Ж 1О 3Т 6О 1Ж 1О 2Т 1С 4Т 3С 1Ж 1О 2Ж 3С 3Т 3С
Алынған суретті аяқта.
Қарындашты орнына қой.
Соңы.
V. Қорытындылау
61 – беттегі тестті орындау
VІ. Үйге тапсырма
Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар §9 58- бет, 9,10 – тапсырма(61-бет)
VІІ. Оқушыларды бағалау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 154.5 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |