Открытый урок по истории на тему ": Қазақ хандығының құрылуы"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Баржикова Бибинур Байдуллаевна
|
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік. Оқушыларға қазақ хандығының құрылу тарихын,хандықтың негізін қалаушылар,аумағы,этникалық құрамы және көрші елдермен қарым-қатынасы жайлы мағлұмат беру.
2)Дамытушылық. Оқушылардың тарихи танымын,саяси көзқарастарын,есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту.
3)Тәрбиелік. Ізденімпаздыққа,өз елінің тарихын білуге,құрметтеуге,ұлтжандылыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,тірек сызбамен жұмыс
Көрнекілігі: Карта,слайд,техникалық құралдар
Пәнаралық байланыс: Географиямен
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен салемдесу,түгендеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Жедел жауап» әдісі арқылы үй тапсырмасына кіріспе жасау. Берілген сурақтарға жылдам жауап беру арқылы оқушылардың кызығушылығын ояту.
1.Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық кімнің билігі тұсында шегіне жетеді?(Әбілқайыр)
2.Әбілқайыр Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін неше жылға жуық күрес жүргізген?(20 жылға)
3.Әбілқайыр хандығындағы саяси бытыраңқылыққа қарсы болған ру-тайпалар кімдердің қол астына бірікті?(Керей мен Жәнібек)
4.Қазақтарды ең кушті,саны көп халық деп атаған кім?(Рузбихан)
5.Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл толды?(550 ж)
6.Қазақ жерінің экономикалық және мәдени дамуына зор ықпал еткен керуен жолы?(Ұлы жібек жолы)
7.Жәнібек пен Керей сұлтандардың алдына қойған басты мақсаты не?(жеке ұлттық мемлекет құру)
8.Қазақ хандығы қашан құрылды?(1465-1466 жж.)
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау
IV.Жаңа сабақ: Қазақ хандығының құрылуы
Жоспары:
1.Хандықтың негізін калаушылар
2.Қазақ хандығының аумағы
3.Халқының этникалық құрамы
4.Көрші елдермен қатынасы
V.Қорытынды
VI.Жаңа сабақты бекіту
«Қозыбасы тауы » ойыны арқылы сабақты бекіту
VII.Үйге тапсырма: §35. Қазақ хандығының құрылуы(оқу,түсінік айту).Керей мен Жәнібек хандар жайлы іздену.
VIII.Бағалау
№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп-лицейі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сыныбы: 7 «А»
Пән мұғалімі: Б.Баржикова
Күні: 24.02.2015 ж.
2014-2015 оқу жылы
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 507.5 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |