Открытый урок по казахскому языку на тему "Талғаулы салалас құрмалас сөйлем" (8 класс)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтас құрмалас сөйлемдер – қазақ тілінде ең жиі қолданылатын және ең күрделі

синтаксистік категория. Сабақтастардың нақты да, саналы да білім беру үшін, алдымен оқушыларға сабақтас құрмалас дегеніміз не, оның қандай өзіндік белгілері бар екенін, оны не үшін оқу керектігін танытып алу міндет.

      Сабақтас құрмаластың өзіндік белгілері мен анықтамасын оқушыларға жаттығу орындату әдісімен де, мұғалімнің түсіндіру әдісімен де меңгертуге болады.

      Мұғалім сабақтас құрмалас та адамның күрделі ойын білдіретінін, салаласқа қарағанда, мұның тілімізде өте жиі қолданылатынын, сабақтасты оқудағы мақсатты, сабақтастардан саналы да, терең білім алу үшін, алдымен оның өзіндік белгілерін, анықтамасын жете түсіндірудің қажеттігін, бұлар жайында білім берілетіні айтылады. Сабақтас құрмаласты түсіндіруде салаласпен салыстыра түсіндіру тиімді. Салаластың да, сабақтастың да күрделі ойды білдіретіні, екі я онан да көп жай сөйлемдерден жасалатыны, сыңарларының бір-бірімен мағыналық және грамматикалық байланыста болып келетіні, бір сөзбен айтқанда, жалпы  құрмаласқа тән белгілер екеуіне ортақ екені дәлелденеді.

      Одан соң сабақтастың өзіне тән белгілері танытылады:

1.Сабақтас  құрмалас сөйлемнің сыңарларының біреуі өздігінен біршама аяқталған ойды білдіреді, ол басыңқы сыңар деп аталады.

2.Сабақтастың басыңқы сыңарынан басқа компененті біршама аяқталған ойды білдіре алмайды, мұндай сыңары сабақтастың бағыныңқы компоненті деп аталады.

3. Сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы үнемі тиянақсыз болып келеді.

4. Бағыныңқының баяндауышы болып келетін сөз таптары –жіктелмеген көсемше, шартты райлы етістік, қосымшалы және септеулік шылаулар тіркескен есімше және тұйық етістік.

5.Сабақтастың сыңарлары өз ара мағына, қосымша, шылау, интонация арқылы байланысады.

6.Сабақтастың бағыныңқы сыңары, басыңқы сыңарындағы уақиғаның қалай, қайтып, қашан, не үшін, неліктен  болғанын, болып жатқанын немесе болатынын білдіру үшін қолданылады

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 539.37 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 122

Похожие материалы