Открытый урок родной язык на тему «Қайсар»

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Ана тілі, 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қайсар»

Мақсаты:

1) Білімділік: Мәтін талдауға, шығармашылық жұмыс жасауға машықтандыру. Аймақтық компонентті пайдалану.

2) Тәрбиелік: Өнерге баулу. Ұжымдық жұмыс арқылы өзара татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

3) Дамытушылық: Оқу, сөйлеу дағдыларын, ой-қиялдарын дамыта түсу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, т.б.

Әдіс – тәсілдер: оқу, талдау, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегияларын пайдалану, сурет салу және мүсіндеу, аймақтық компонентті қолдану.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, информатика.

Түрі: шығармашылық сабақ.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг.

Шеңберге тұрып, сәлемдесу:

  • -Амансың ба, алтын Күн!
  • -Амансың ба, көк Аспан!
  • -Амансың ба, Жер – ана!
  • -Амансың ба, достарым!

Бір –біріне жүрек ұсынып, тілек білдіру.

ІІ. Жаңа сабақ.

Тақырыпты хабарлау. («Қайсар»)

«Ой қозғау».

  • -Қане, кім қайсар деген сөзге мағынасы жуық сөздерді айтып жібереді?
  • -Өжет, төзімді, шыдамды, батыл, тайсалмас, т.б.

Ұстамды, тайсалмайтын батыл, өжет болсын деп кісіге де Қайсар деген есім береді. (Кітап суретін слайдтан көрсете отыра мәтінді оқу – 191 бет).

Енді талдау жұмысына кірісейік:

  • -Осы әңгімеде қандай ағаш туралы айтылып отыр?
  • -Қарағай ағашы туралы.

(Слайдтан көрсету)

Мынау – қарағай ағашы мен оның бүршігі. Қарағай – қылқан жапырақты ағаш, яғни жапырақтары тікенді, ине тәрізді, жасыл ағаш, ол биікке бойлай, тігінен өседі. Көктемде гүлдейді, бүршігімен аң – құс қоректенеді. Қарағайлы орманда түрлі құстар, тиін, боршатышқандар көп болады. Қарағай – құрылыс материалы.

  • -Қарағай ағашы біздің өлкемізде өсе ме?
  • -Өседі. Бұл ауданымыздың Бесқарағай деп аталуынан-ақ белгілі. Онда қарағайлы орман бар. Біз оны мақтан етеміз. Орманды өрттен, бүлдіруден сақтауға тырысамыз.
  • -Қарағайдан басқа тағы қандай ағаштар кездеседі?
  • -Қайың, терек, тал ,шырша, т.б.
  • -Осы мәтінде қысқы аязды қалай суреттеген? (оқу)
  • -Әңгімеде аяздан ықпаған қарағай туралы не айтылған?

Қарағай аязға мыңқ етпейді, иілікпейді, ықпайды. Ол өзінің қауқарына, күш-қуатына сенеді. Қайсарлығы жебейді. Төзімділігіне айналасындағылар қызыға қарайды. Табанды қылығымен маңындағыларға дем береді. Өзіне қызығушыларды асқақ кескінмен қайсарлыққа шақырады. Қарағай – ағаштардың өнеге тұтар, тәлім алар, қайсарлыққа үйретер үлгісі.

- Сол асқақ қарағайдан қайсарлықты үйренетін ағаштың бірі – қайың екен.

(Слайд көрсету арқылы қайыңның қасиетін айту)

Қайың – сымбатты да сұлу, қабығы аппақ, жапырақты, гүлі сырға тәрізді ағаш. Одан – үй жиһазы, қабығынан – ыдыстар жасалып, себет тоқылады. Сыпыртқыш, дәрі – дәрмек, шырын, фанер жасайды.

Енді осы екі ағаштың ортақ белгілерін Венн диаграммасына түсірейік:


-Балалар, өз туыстарыңның, достарыңның қайсарлығы жөнінде шағын эссе құрастырып көріңдерші.

Оны «Автор орындағанда» оқу.

Еркежан: Менің әкем сабырлы, салмақты адам. Бізге әрқашан қамқоршы, әкем ауырып қалған кезінде шыдамдылық, төзімділік, қайсарлық көрсетеді. Мен әкемді мақтан етемін.

Алдияр: Менің әжем өте қарапайым кісі. Балаларын, енді бізді –немерелерін қарап, өсіріп отыр. Мінезі табанды, ақылды. Біздің еркелігімізді көтеріп, ақыл айтады. Мен әжемді жақсы көремін. Сыйлаймын.

Нұрболат: Менің әжем іскер кісі. Ою ояды, киім тігеді. Жасы 70-ке келсе де, шаршамайды, ерінбей – жалықпай құрақ құрайды, әдемі көрпе жасайды. Бұл да қайсарлық мінезден шығар...

Топтық жұмыс: (2 топқа бөлу). Тапсырмалар: 1-топ: «Сурет» орталығында Бесқарағай орманының ағаштарын салып, бояу.

2 – топ: «Мүсіндеу» орталығында қайсар қарағайды ермексаздан жасау, әр топ лидері белгіленіп, жұмыстарын қорғап шығу.

Қорытынды:

Рахмет, балалар! Талаптарыңа нұр жаусын! Табиғатты қорғаңдар. Ағаштар мен гүлдерді сындырмаңдар, көкті жұлмаңдар. Оларды көбейтіп, егіп, өсіріңдер. Қамқор болыңдар. Бойларыңа қайсарлық қасиетті дарыта біліңдер.

«Өзіңді бағалау» парақшасын толтыр.

Үйге тапсырма беру.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.69 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 103

Похожие материалы