Материал Оңтүстік Америка. 7-сынып. автора Әбдікерова Гауһар Ажайқызы временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Білімділік: Оқушыларға оңтүстік жарты шар материктері,ұқсастықтары,айырмашылықтары жөнінде түсіндіру. Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Оңтүстік Америка – батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге созылып жатыр. Батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа(6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы –40 м. Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) Ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.