Оқу-зерттеу жобасы "Жарық жүйесіндегі жарықдиод шамдары"
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Нурсейт Багдагул Нурсейткызы
|
Ақмола облысының білім басқармасы
КММ «№5 Агротехникалық колледж»
Управление образование Акмолинской области
КГУ «Агротехническии колледж №5»
Секциясы: Экология және табиғат байлығын үнемді пайдалану
Орындаушы (автор): 1-курс студенті
Боранбай Самал Қыпшаққызы
Жетекшісі :физика пәнінің
оқытушысы Нурсейт Бағдагүл
2013-2014 оқу жылы
Бозайғыр ауылы
МАЗМҰНЫ
1.КІРІСПЕ 3-6 бет
1.1.ӨЗЕКТІЛІГІ 7-бет
1.2.ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ 7-бет
1.3.ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ 7-бет
1.4. ЗЕРТТЕУ БОЛЖАМЫ 7-бет
1.5. ЖҰМЫС МІНДЕТТЕРІ 7-бет
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 ЖАРЫҚДИОДТЫ ШАМДАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ 8-11 бет
2.2. ДИОД ШАМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 12-13 бет
2.3.ЖАРЫҚТАНДЫРУДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ 14-16 бет
2.4. ЖАРЫҚДИОДШАМДАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 17 бет
2.5. ЖАРЫҚДИОД ШАМДАРЫНЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІ 18 бет
2.6. ЖАРЫҚДИОДТЫ ШАМДАРЫН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ШАМДАРМЕН 19-20 бет САЛЫСТЫРА ЗЕРТТЕУ ( ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕСІ)
3..ЖАРЫҚДИОД ШАМДАРЫН ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУГЕ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
(ЕСЕПТЕУЛЕР) 21-24 бет
3.1. №5 АТК-ДЕ ҚЫЗДЫРУ ШАМДАРЫН ЖАРЫҚДИОДТЫ ШАМДАРМЕН АУЫСТЫРСА ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЕСЕБІ. 25-бет
4. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАРЫҚДИОД ШАМДАРЫН ӨНДІРУШІЛЕР. 26-28бет
4.1. ЖАРЫҚДИОД ШАМДАРЫ ТҰРМЫСТА 29-бет
5.ҚОРЫТЫНДЫ 30- бет
5.1..ЖҰМЫСТЫҢ МІНДЕТТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ 31 -бет
5.2.. ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ 31- бет
6.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32-бет
6.1.ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ
6.2. ОҚУЛЫҚТАР МЕН КІТАПТАР
7.РЕЦЕНЗИЯ 33-34 бет
1.КІРІСПЕ
Энергия тапшылық бізде ғана емес әлемде туындағалы біраз болды.
Дүниежүзілік Банк және Халықаралық энергетика кеңесінің есеп мәліметтері бойынша 17 миллион халқы бар Қазақстан Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда жан басына шаққанда энергияны екі есе, ал өзге дамушы мемлекеттерге қарағанда орташа есеппен 3,5 есе көп тұтынады. Сондай-ақ, елде өндірілетін бүкіл энергияның 13%-ға жуығы жарықтандыру қажеттілігі үшін жұмсалады, ал елде шығарылатын электр қуатының 75%-ы көмірді жағу арқылы өндіріледі, бұл қоршаған ортаға едәуір залал келтіреді. Әрі жер асты-үстіндегі қазба байлықтардың бір күні сарқылатындығы ақиқат.
Қуатты ұқыппен жұмсау заман талабына айналып отырғаны анық. Қарапайым халықтан бастап, ірі кешендерге дейінгі аралықтағы электр энергиясының үнемшілдік қағидалары туралы
Елбасы Н. Назарбаев « ...Өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет» деп атап өтті .Осындай маңызды міндеттерді атқару мақсатында
Үкімет отырысында «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты: Энергия тұтынуды төмендету және отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету және энергия тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау.
Әлбетте, «адамзаттың келешегіне не әсер етеді?» деген сауалға сарабдал сарапшылардың басым көпшілігі «келешекке әсер ететін адамзаттың өзі» деп жауап берер еді. Ендеше, үнемдеу мәселесі тек Қазақстан үшін ғана емес, жер жаһандағы аса өзекті мәселелердің біріне айналып отырғанын анық.
Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбында Астана қаласында өткізуді жоспарлануда.
Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов: «Қазір әркімнің әрбір пәтердегі қарапайым электр қуатын үнемдеуден бастап «жасыл экономика» жобасын жүзеге асыруға қатысуына дейінгі үлес қосуы маңызды болмақ» деген сөзінен халыққа қатысты өзекті мәселені аңғаруға болады.
Қарапайым мысалдан, ықтимал энергияны және соған сәйкес ақша қаражатын үнемдеуден сіздің үлесіңізді көруге болады. Мәселен, желіге қосылған электр қондырғылары күту режимінің өзінде-ақ 5-тен 10 Ваттқа дейін электр қуатын тұтынады. Тіпті, тұтынушы аппаратсыз ток көзіне жай ғана қосылып тұрған мобильді телефонды, фотоаппаратты, плеерді, ноутбукты және тағы басқа да зарядтауға арналған құрылғының өзі қараптан қарап 95% энергияны «жеп қояды» екен. Шартты түрде ток көзіне сұғулы күйінде қалдырылған сондай 4 құрылғы жылына 300/400 кВт/сағ энергия шығындайды. Ал, бұл бір адамға немесе отбасына шыққандағы есеп қана.Ал, бүкіл Бозайғыр ауылын алатын болсақ, орташа есеппен пәтер, кеңсе мен әлеуметтік нысандар ғимарат, жеке және саяжай үйлері жылына 250800 Квт/сағ электр энергиясын қарадай шығындайды.
Салыстырмалы түрде алатын болсақ, елордадағы ең ірі электр өндіруші станса – ЖЭО-2 ошағының жылдық электр қуатын өндіру көрсеткіші 2 млрд 405 млн кВт/сағат екен.
Яғни, біз өндірілген қуатының 6%-нан астамын, 140 мың тонна көмірді текке жаққанымызды, экология мен атмосфераға соншалықты зиян келтіргенімізді есепке алмағанда, қарадай шығындайды екенбіз. Бұл – жарықтандырғыш шамдар мен тұрмыстық электр қондырғыларын қосуды есептемегендегі электр қуатын тұтыну көрсеткіші.
Халықаралық энергетика агенттігінің бағалауы бойынша дүниежүзінде тұтынылатын бүкіл электр энергияның 19%-ы жарықтандыруға жұмсалады.
Қазіргі замандағы жарық технологиялары электр энергиясын тұтыну мөлшерін 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беріп, бұл көрсеткіш әлемдік ауқымда жылына 106 млрд. еуроны үнемдеуге сайма-сай. Экология тұрғысынан алып қарағанда, бұл үнемдеу көмірқышқыл газының ауаға шығарылуын жылына 555 млн. тоннаға азайтып, электр энергиясының 2 терраватын және мұнайдың 1,5 миллиардын үнемдеуге әкеледі. Еліміздегі энергияны үнемдеу және тиімділігін арттыру туралы заңды еліміздің әрбір азаматы бұлжытпай орындауы тиіс.
Қазақстан Республикасының Заңы №541-IV 26 қаңтар 2012
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы
Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
13-бап. Өнімдерді өндіру, сату және пайдалану бойынша шектеулер
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында мыналарға:
1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін,
қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын өндіруге, сатуға;
2) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін,
қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын мемлекеттік мекемелер
мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін сатып алуды жүзеге асыруға;
3) салынып жатқан (реконструкцияланатын, күрделі жөнделетін) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды өндіруге және технологиялар мен материалдарды пайдалануға;
4) кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес олардың энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамалары туралы ақпаратты қамтымайтын энергия тұтынатын электр құрылғыларын өндіруге, сатуға;
5) 2,5 дәлдік сыныбы бар электр энергиясын есептеуіштерді коммерциялық есепке алу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
Бұл заңда әр азаматтың энергияны үнемдеуде үлес қосуын ескертеді. Мәселен есептеулер бойынша 1кВт ток қуатымен 75кг көмір,35 кг мұнай өндіруге, 88 бөлке нан пісіруге,10м мата тоқуға болады екен.
Қыздыру шамдары мен құрамында сынабы бар жарық шамдарының орнына жарықтандырудың барынша тиімді әрі үнемді көздері жарықдиодты шамдар келуі тиіс.
Сондықтан электр қуатын үнемдейтін жарықдиодты шамдарын зерттеуді өзекті деп есептедім.
ӨЗЕКТІЛІГІ:
Жарықдиодтты шамдарын тұрмыста пайдалану- бұл жарықтандыру жүйесін жақсарту,энергияны,табиғат байлықтарын, әр азаматтың жеке қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беруі
1.2 ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ
Қолданыстағы қыздыру шамдары энергияны көп шығындайды, ал электр қуатын үнемдейтін люминесценциялық шамдардың бәрінің ішінде сынап бар. Бұл зиянды қалдықты далаға тастауға болмайтынын халықтың санасына жеткізе алмай жатқанымыз белгілі. Халық оны пайдаланып, кез келген жерге тастап жатыр.
Сынап өте майда ұнтақ күйінде. Ол істен шыққанда жарылып, көзге көрінбей, ауаға тарап кетеді. Сөйтіп, адамды ақырындап улай береді. Сонымен қатар, ондай шамдар көзге өте зиян. Монитор, теледидар экраны сияқты жыпылықтап тұрады. Ол көзіңізге қатты байқалмаса да, миыңызды қатты шаршатады.
Ал жарықдиод шамдары энергияны аз тұтынады, жарықтандыру желісінде тиімді,денсаулыққа және табиғатқа зияны жоқ
1.3 ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ
Жарықдиодты шамдарының жарықтану жүйесіндегі мүмкіндіктері мен энергия үнемдеудегі тиімділігін зерттеу.
1.4. ЗЕРТТЕУ БОЛЖАМЫ
Дәстүрлі қолданыстағы жарық шамдарымен салыстырғанда, энергияны аз тұтынады, жарық шығару әсері өте жоғары болады деп болжаймын.
1.5. ЖҰМЫС МІНДЕТТЕРІ
1. Тақырып бойынша мәлімет жинақтау.
2. Жарықдиодтты шамдарын қолданыстағы шамдармен салыстыра зерттеу.
3. Жарықтандыру жүйесінде қолдану тиімділігі мен кемшіліктерін анықтау
4. Бүгінгі электр энергиясын үнемдеу тиімділігін есептеу
Тип материала: | Архив ZIP (zip) |
---|---|
Размер: | 16.04 Mb |
Количество скачиваний: | 15 |