Оқушылардың білім сапасын арттыруда интернет желісі мүмкіндіктерін қолдану
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Самбулатова Гульшат Шукуровна
|
Өз білімдерімізді жетілдіру, тәжірибе алмасу, бөлісу, білім беру аясында насихаттау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері арасында шағын шығармашылық топ құрып, жобамызды сіздерге ұсынып отырмыз.Шығармашылық топта ММ «Физика-математикалық лицейінің..» бастауыш сынып мұғалімдері қызметтерін ұсынады. Сіздерге ұсынып отырған сайтымыздың мекен-жайы: kaztili.fmlkst.kz. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, білім саласы туралы мәлімет алуға, қандай да бір инновациялық байқауларға қатысуға тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы ұстаздармен хабарламалар алмасуға, бейнеконференцияларға қатысуға ,онлайн сабақтар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы – http://www.akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы – http://www.government.kz.). Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua – Украина, .uk – Ұлыбритания, .fr – Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu – білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады. Internet-тегі ақпарат сайттарды пайдаланып, білім жетілдіру әр мұғалімге қол жетімді процес.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 289.94 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |