ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
                                          “... Бізге керегі шын дарындар.                                                      Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын,                                            мемлекет өзінің талантты ұлдары мен                                            қыздарын,нағыз әдебиет пен өнерін                                            жасайтын  тарланбоз жүйріктерін қолдауға,                                             қорғауға міндетті”                                                                                                   Н.Ә.Назарбаев.        Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық  дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.        Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», - деген екен. ХХI ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 105.27 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 102

Похожие материалы