Оқушылардың мәнерлеп оқуға үйрету тәсілдерінің ғылыми - теориялық негіздері

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Жалпы орта бiлiм беру жүйесiнiң iргетасы бастауыш бiлiм беруден қаланатыны белгiлi. Бастауыш бiлiм беру – жалпы бiлiм беру жүйесiнiң алғашқы маңызды сатысы. Оқушы жалпы бiлiм жүйесiн, оған жеткiзетiн iс-әрекетер тәсiлдерiмен қатар оқу еңбегiн сапалы орындауға, бiлiм алуға жетелейтiн икемдiлiктер мен дағдыларды қалыптастырады. Бұларды ол кез келген жаңа жағдайға бейiмдей алса, оның алдынан творчестволық iзденiс жолы ашылады. Жүзеге асқан түрлi iс-әрекеттер арқылы жас шәкiрт өзiне қоршаған айналамен, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренедi. Ендеше икемдiлiк пен дағдының оқу процесінде, мұғалiм мен оқушы қарым-қатынасының мазмұнында үлкен мәнi бар.

Ендi «бiлiм», «дағды», «икемдiлiк» деген ұғымдарды анықтап алайық.

Бiлiм-фактiлер, ережелер, қорытындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрiнде кездесетiн шындықтың түрлi салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжiрибе. Бiлiм адам санасында, түсiнiктер, ұғымдар түрiнде бейнеленедi [5].

Икемдiлiктi көбiне iске асқан, қолданысын тапқан бiлiм деп анықтайды [17].  Ал икемдiлiктiң психологтар анықтаған басқа да қызметi бар. Онда икемдiлiк ақыл-ой және практикалық әрекеттiң саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметi деп көрсетедi [22].

Ю.Н. Бабанский қандай да болсын қызмет тәсiлiн саналы меңгерудi икемдiлiк дейдi [10]. Бұл анықтама мына жүйеге негiзделедi. Оқу қызметi белгiлi бiр әрекеттiң жиынтығы арқылы iске асырылады, әрекеттiң iске асу әдiсiн меңгеру-икемдiлiк.

Дағды дегенiмiз – әрекеттiң адам бойында орнығуы; әрекетке ең алғаш кiрiскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимылдар жасайды

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.95 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 131

Похожие материалы