Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Исаева Зоя Қашқынбаевна
|
№10 орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Исаева Зоя Қашкинбаевна
Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы
Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Қазіргі өмірдің талабы - оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыра отырып , әдепті ұрпақ тәрбиелеу. Соңғы кездегі зерттеулерге сүйенсек жоғары сынып оқушыларының арасында білім сапасы барған сайын төмендеп барады . Оқушының барлығын әр мұғалім өз сабағына қызықтырып, жетелеп кету мүмкін емес, әйтседе шығар жол бар тәрізді. Ол жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесін сол ортаның оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып мұғалім мен оқушының арасында өзара түсінушілік болған кезде шешуге болады.Сондықтанда әрбір ұстаз білім беру саласында талмай еңбек етіп, ұйымдастыру қабілеті мен іздену шеберлігін үнемі шыңдай түсуі керек. Әсіресе, оқушылар үшін ең қажетті де, қиын меңгерілетін математика пәнін оқытуда бір әдіспен шектелмей , сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыратын тәсілдерді таңдай білу қажет деп ойлаймын. Кез - келген ұстаз сабақ жоспарын құрарда өздері сабақ беретін сыныптардағы оқу бағдарламасына сәйкес білім беру мен білім алудағы әдіс- тәсілдерді таңдайды,яғни түрлі интерактивті оқыту формаларын қарастырады.Сабақта оқушыны жалықтыратындай бір сарынды болып кетпеуі үшін шағын топтар жұмыстарын, жарыстырып, тренингтер ұйымдастырамын. Мұндай әрекетте жұмыссыз отыратын оқушылар аз болады, тіпті болмайды да. Өз тобындағы балалармен қарым - қатынасқа түсе отырып, өзіндік пікірлері қалыптасады, даму динамикасы жетіледі, құрдастарымен ынтымақтастыққа, бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді. Мен өз тәжірибемде АКТ пайдалануды,оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруды, оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыруды, білімді неғұрлым оқушының санасында қалатындай етіп игеретін тәсілдерді көбірек пайдаланамын.
Осы орайда өз тәжірибемді ортаға салғым келеді:
Сұрақтар қою арқылы қысқаша шолу жасау;
Тақырыпты терең меңгерту, есептер шығартып бекіту;
Үнемі өткен тақырыпты қайталап, бақылау жасап отыру;
Оқушыға үнемі өзара өзіне - өзі бақылау жасату, біліміне анализ жасай білуге үйрету, дағдыландыру;
Оқушы білімін бағалауға қаталдыққа, немқұрайлыққа жол бермеу;
Сабақ барысында есеп шығару кезінде өздіктерінен көбірек жұмыс істеуге бейімдеу;
Оқушы білімін бағалауға жариялықтың, нақтылықтың болуы; Сабақтың басты мақсаттары терең ойластырылмаса оқушыны сабақ тартпайды, мұғалімнің құр қайсарлығынан оқушы жалқау тыңдаушыға айналады. Бұл оқушыны зеріктіреді. Сондықтан казіргі кезде оқушыларды өз бетінше жұмыс жасатпай сабақ өткізу мүмкін емес. Дегенмен сабақ барысында оқушылардың өздігімен ойлауына түрткі болудың қиындығын әр мұғалім біледі. Сол себепті мен сабақ барысын да карточкаларды жиі пайдаланамын. 1 2 3- деңгейде кейде қабілеті төмен оқушылардың өзі жақсы баға алатын тапсырманы орындауға ұмтылады, ынталанады.
Қорыта келгенде бүгінгі таңдағы зерделі де зелінді дара тұлғаның бойындағы және қасиеттерді дамыту бағдарламалар мен әр түрлі іс-шаралар жетерлік. Дегенмен бұған біз ұстаздар қауымы әлі де болса өз үлесімізді қосуымыз қажет деп санаймын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 253.49 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |