«Ойлы болсаң ,озып көр» сайыс сабағы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
 Қызықты математика Тақырыбы: «Ойлы болсаң ,озып көр» Мақсаты: • Оқушылардың математикалық сауаттылық деңгейін анықтау • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, шапшаңдығын, таным белсенділігін арттыру. • Сұрақтарға математикалық тілмен мәдени түрде жауап беру, қарым - қатынасты дамыту. Көрнекілігі:Сызбалар, слайдтар, ойынға қажетті заттар Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: • Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартымен таныстыру. Топпен таныстыру.   «Білгірлер»,      «Зеректер» 2. Бөлімдер: І. Бой сергіту. «Кім жылдам?«ойыны ІІ. «Ұшқыр ой» бөлімі ІІІ. «Ойшылдар» бөлімі. ІV. «Тез  ойлан» бөлімі. V. «Баспалдақ» бөлімі VІ. «Бәйге» бөлімі Барысы: 1 оқушы: Математика ғылым патшасы, Тең келмейді оған басқасы. Елімнің егеменді өркендеуі, Елбасы есебінің арқасы. 2 оқушы: Қиын есеп оңай - ақ шығар, Миды егер шынықтырсаң. Жеңімпаздар алға озар Математик болса егер. 3оқушы: Біреуінің жүрегінің түбі бар, Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар. Біреуінің күмбірлеген күйі бар Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.   4 оқушы: Сендерді сайысқа шақырамыз Есеппенен бастарыңды қатырамыз Математиканы ұғындырып Аз да болса білімдеріңді  толтырамыз. Ортаға «Ойлы болсаң ,озып көр» сайысына қатысушы жас математиктерді шақырамыз. Қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау. І. Бой сергіту. Ойыншылар тапсырманы оқи отырып, дұрыс жауабын табу керек. (уақыт саналады) «Кім жылдам?» Есепте! І топ: 1. 14 + 30 – 4 – 40 + 39 – 15 + 10 = 34           10 х5 : 10 х 6:6х9 : 45=1 2. 23 + 51 – 4 + 10 – 40 + 26 – 2 = 64              90х 3 :90 х4 : 12 х88= 88 3. 85 – 5 – 26 + 6 – 30 + 13 + 7 = 50                60х 6 : 36 х 7 :10 х3 =21 ІІ топ:   1.     8 + 6 – 12 + 39 – 37 + 9 + 20 = 33           50 : 10 х 7 : 5 х 2=14 2.      4 + 8 – 2 + 51 – 5 + 14 – 30 = 4081 :9х 10 :90 х57= 57 3.     87 – 8 + 11 – 50 + 16 – 7 + 1 = 50          640 : 80 х 6 : 48 х 23=23   ІІ. «Ұшқыр ой» бөлімі. І топ. Ойыншылардың тез және бірінші жауап беруі ескеріледі. 1.Қонақ дастарханына 32 алма даярланды.  Егер қонаққа  10 ұл бала келсе  және  одан 2 есе артық  қыз бала  келсе,  барлық  балаға  алма  жете ме? (Жетеді 2 алма қалады)    2.Қандай үш санның  көбейтіндісі  оның  қосындысына  тең      болады?(1,2,3) ІІ  топ.  1.Атайдың жасы  әр түрлі  цифрлармен  жазылған  ең кіші үш  таңбалы сандарға тең.Атай  неше жаста?      (102 жаста) 2. Алғашқы сабақ: қазақ тілі, математика және ана тілі болды. Математика бірінші емес, ана тілі бірінші де, үшінші де емес. Қай пән нешінші болды? 1.Қазақтілі 2. Ана тілі 3.Математика   ІІІ. «Ойшылдар» бөлімі 1. Екі стаканға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердік. Қай ыдыста су көп? /бірдей / 2. 1, 2, 3 цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сан жазуға болады? 3. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? 1. Егер 1 килограмм алманың бағасы 100 теңге болса, жарты килограмм алманың бағасы қанша болады? (50теңге) 2. Егер шаршының периметрі 80см болса, қабырғалары қанша сантиметр болғаны?
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.62 Kb
Количество скачиваний: 46
Просмотров: 262

Похожие материалы