Оқыту тиімділігі озық технологиялар
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Рысбаева Гульмира Бейсенбаевна
|
Оқыту тиімділігі-озық технологияларда
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше , сауатты маман әрі жан-жақты болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды кәсіптік адамгершілік рухани азаматтық және басқа адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі ,айналадағы дүниеге,адамның денсаулығына кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Мұғалім басты мақсаты-қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Кез –келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық компонеттің бір-тұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып табылады,Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі,шығармашылық ізденісі,алдындағы шәкірттеріннің білімін бағалауы,оқу барысында шешуші роль атқарады.Бүгінгі білім беру технологиясында кеңінен қолданылып жүрген В.Зенковтың «Дамыта оқыту»,Ж.Караевтың «Деңгейлеп оқыту» сыни тұрғысынан ойлау. Н.Оразақыновтың «Сатылай кешенді ойлау»,М.Жанпеісованың «Интерективтік-модульдік оқыту» технологияларын біздің мектеп мұғалімдері өз сабақтарында кеңінен қолданып келеді. Оқушыларымыз дүниенің кез-келген жерінде білім алуға ,қызмет атқаруға қабілетті жаңа технологияларды және тіл меңгеру қабілеті жоғары ,белсенділікке қабілетті болуға тиіс.Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білеміз.«Оқусыз-білім жоқ,білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды. Рысбаева Гулмира Бисенбайқызы «Головацкий атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі биология пәнінің мұғалімі
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.62 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |