Оқытудағы диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезіндегі оқушының талқылауға қатысуы туралы талдау.

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

         Мерсер мен Лилтон (2007) ғылыми  зерттеулерінің  нәтижелері  диалогтың маңыздылығын атап көрсетіп, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумени қатар  білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатындығын белгіледі.  Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

      Осы теорияны  іс-тәжірибемде қолданып,   сыныптың  оқушыларын  бірлескен сұхбат арқылы дамытып, бүл тәсілдің оқушыға үлкен пайда келтіретіндігіне көз жеткіздім. Сұхбат арқылы оқушылар  тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік алды. Сұхбаттасуды әр сабақта қарастырдым, себебі оқушылар серіктесу кезінде түрлі идеялардың болатындығын түсініп, өз идеяларын дәлелдеуге мүмкіндік алды. Осы кезде оқушылардың қандай деңгейде екенін түсіне алдым.

 

      «Берлинге саяхат» сабағында оқушыларға Берлиннің көрнекті орындарына байланысты әр топқа әр түрлі мәтіндер беріліп, суреттер таратылды. Оқушылар оқу стратегиясын пайдаланып, мәтіннің мазмұнын талқылады. Оқу стратегиясының әр бөліміне тоқталып, мәтіннің мазмұнын түсінді. Бұл  стратегия оқушылардың әр қадамын нақтылап, келесі жұмысқа негіз болды. Әр топ  берілген суреттерді қалай пайдалу жөнінде  пікірлесе келе, мәтіннің мазмұнын ашатындай  коллаж жасап шығарды. Олар ортақ мотивтерін  қалай шешкенін бақыладым. Барлық оқушылар талқылаудан кейін  мәтіннен түсінгендерін жеткізді. Сыныптың баяу ойлайтын оқушысы Ақереке ойын жеткізу үшін бір сөйлем қосты. Ақере сабақтарда жауап беретін оқушы, бірақ жаттанды түрде. Жоғары дәрежелі түрдегі сұраққа Ақере бір сөйлеммен жауап берсе де, ол пікірін білдірді деп санаймын. Бұл жауап оқушының  өзіне деген сенімін ұялатты.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 999.35 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 143

Похожие материалы