Здесь была ссылка на работу Ойын арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту. автора Сахова Гульнар Умирзаховна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ойын арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту Ұлы педагог Сухомлинский: « Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл ой тәрбиесі болмайды деп санайды». Ойын – мектеп жасына дейін және онан кейін де баланың негізгі іс әрекеті. Ойын үстінде баланың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығушылығы анық байқалады. Баланың тілі, ой өрісін дамыту ойыннан басталады. Баланың құрбы - құрдастарымен әртүрлі ойындар ойнауының өзі тілінің жеке тұлғалық қасиеттердің қалыптасуындағы алғашқы баспалдағы болып саналады. Осыған орай М. Жұмабаев баланың ойыны туралы: « Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда да бала өз әсерлерін пайдаланады. Айналасында, тұрмыста, нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп көш жасайды. Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды – деп ұлттық тұрмысымызға тән ойын үстіндегі бала болмысын, психологиясын суреттейді.