"Озық ойлы дарындылар" (6 сынып)

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6 а, ә
Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы дарындылар»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтастыру, сұрақ - жауап, ойын элементтері, баяндау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы:

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Озық ойлы дарындылар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді бастайық қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
«Озық ойлы дарындылар» сайысына 6 «а және ә» сыныптарынан құралған «Процессор» және «Пернетақта» атты 2 топ қатысады. Сайыс 7 турдан бойынша өткізіледі.

І. кезең. «Ойлан тап»
ІІ. кезең. «Бейне сұрақ»
ІІІ. кезең. «Адасқан әріптер»
ІV. кезең. «Кім жылдам»
V. кезең. «Дешифратор»
VІ. кезең. «Үй тапсырмасы»
VІІ. кезең. «Құпия жәшік»

Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Ендеше 6 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Озық ойлы дарындылар» сайысын бастайық.

І кезең.

«Ойлан тап» сұрақ жауап бөлімі. Бұл бөлімде 2 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Компьютер мен адамның ара қашықтығы қанша? (60 – 70 см)
2. Ақпараттық үдерістің неше түрі бар? (сақтау, өңдеу, қабылдау)
3. Ақпараттың қасиеттерін ата? (шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік)
4. Өздігінен көбеюге қабілетті зақымданушы программа? (вирус)
5. Ең тез тарайтын вирус? (Мелисса)
6. ЭЕМ – нің неше буыны бар? (5)
7. Алгоритм дегеніміз не? (берілген есепті шешудегі әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы)
8. Алгоритмнің қанша түрі бар, оларды ата? (3, сызықтық, тармақталған, циклдік)
9. Біріннші механикалық есептеу құрылғысы қай жылы құрылды? (1642 ж)
10. Вирусқа қарсы программа?(антивирус)

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?

ІІ кезең.

«Бейне сұрақ» экранға назар аударайық, дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.
1 сұрақ: «Процессор» тобына
Модель дегеніміз не?

Жауабы: нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді

2 сұрақ: «Пернетақта» тобына
Циклдік алгоритм дегеніміз не?
Жауабы: алгоритмнің бірнеше рет қайталануы
Бұл жарыс біткен жоқ кетпейік,
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.

ІІІ кезең.

«Адасқан әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі(ал орындау уақыты 1минут) Топтарға 6 сұрақтан берілген.
«Процессор» тобы
1. РЕТЬЮПОМК – компьютер
2. ТАҚАТРПЕРЕП – пернетақта
3. ДЕМОМ – модем
4. ЛАЙФ – файл
5. РОТИНОМ – монитор
6. АТЕКИСД - дискета
«Пернетақта» тобы
1. НИРПЕРТ - принтер
2. ҚАНТЫШ – тышқан
3. КРАСЕН - сканер
4. АНИШ - шина
5. СОРЕСЦПРО - процессор
6. ИНМАФОРКАТИ – информатика

Сайысымыздың ІV кезеңі «Кім жылдам».
Бұл турда оқушылар берілген мәтінді 3 минуттың ішінде компьютерге жазып болуы тиіс бірінші аяқтаған командаға жоғары 10 ұпай беріледі:
«Процессор» тобына:
Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Мұндай процесті кодтау деп аталады. Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп аталады. Кодтауға қолданған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.

«Пернетақта» тобына:
Ақпараттық процестің әр түрлі сатыларында ақпарат бірнеше рет қайта кодталады, яғни өзінің ұсыну бейнесін өзгертеді. Символдардың кодталу комбинацияларының жиынтығы кодтау кестесі деп атайды. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді.
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз

V кезең.

«Дешифратор». Ойынның шарты: Әр командаға 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.
І топ:

1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

ІІ топ:
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

Енді келесі VІ кезеңіміз «Үй тапсырмасы» яғни бұл кезеңде әр топ үйден салып келген «Компьютер - 2030» суретін қорғайды. Жақсы суретке 10 ұпайдан беріледі.

VІІ кезең.

«Құпия жәшік» сұрағы. Екі жәшіктің ішінде бөлек - бөлек информатика қатысты заттар тұр, бұл заттар екі топқа қойылатын сұрақтардың жауабы болып табылады, егер осы «Құпия жәшік»- тің ішінде не тұрғанын тапса онда 10 ұпаймен бағалаймыз?(2 минут уақыт беріледі)
«Процессор» тобына
Бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау т.б. амалдарды орындай алады. Бұл жәшіктің ішінде қандай құрал? (калькулятор)

«Пернетақта» тобына
Мәлімет сақтайды, бұған 2 Гбайт деген сан сәйкес келеді. Бұл не? Жәшікте қандай құрал бар? (флешка)

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Осымен «Озық ойлы дарындылар» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Жеңімпаздар марапатталады! Сау болыңыздар!

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 518.01 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 158

Похожие материалы