«Паскаль АВС бағдарламасында графиктік обьектілерді программалау»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
  Сабақтың тақырыбы:         ПаскальАВС бағдарламасында                                          графиктік   объектілерді   программалау  Сабақтың мақсаты:               Білімділік  - Оқушыларды ПаскальАВС программалау тілінде  қолданылатын графиктік объектілер ұғымымен таныстыру, ондағы түрлі операторларды оқушы санасында қалыптастыру, олармен жұмыс жасауға баулу. Дамытушылық –  Оқушылардың белсенділігі мен біліктілігін, ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, графиктік операторларды пайдаланып компьютер экранында кескіндерді шығаратын программаларды құрып жұмыс істеуін дамыту. Тәрбиелік – Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін - өзі басқаруға және бағалауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:   Білімді меңгерту Сабақтың әдісі:    Баяндау, сұрақ жауап , практикалық жұмыс орындау Сабақтың көрнекілігі:  Таратпа кеспелер, компьютер, графопроектор  Сабақтың барысы Ұйымдастырылу кезеңі 1.     оқушылармен сәлемдесу   2.     келмеген оқушыларды белгілеу   3.     сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру     Үйге берілген тапсырманы сұрау 1        Қандай алгоритм циклдік алгоритм деп аталады? 2        Циклдік программа құру үшін қандай операторларды қолдануға болады? 3        Циклдің  қандай түрлері бар? 4        ДЕЙІН циклі деп қандай циклді айтамыз?   Жаңа сабақты түсіндіру Pascal ABC программасындағы графика Pascal ABC бағдарламасында графиктік процедураларды  енгізу үшін GraphABC модулі қолданылады, арнайы процедуралар мен функцияларды пайдаланып нүкте, түзу, шеңбер, тікбұрыш және басқа фигураларды салуға болады. uses GraphABC  бағдарламаның бірінші түсінігі, графиктік режімді орнатады.  SetPixel(x,y,color) - (x,y) координатасы бойынша  color түспен нүкте салады. Line(x1,y1,x2,y2) - (x1,y1) нүктесінен (x2,y2) нүктесіне дейін түзу кесіндісін салады.  SetPenColor(color) - color түсі бойынша қаламның түсін орнатады.. SetPenWidth(n) - n нүктеге тең қаламның қалыңдығын орнатады. Rectangle(x1,y1,x2,y2) - (x1,y1) ,(x2,y2)  коорд. бойынша тікбұрыштар салады. FloodFill(x,y,color) -(x,y) нүктесінен бастап color түспен ауданды бояйды. SetBrushColor(color) – тұйық ауданды бояйды. Ellipse(x1,y1,x2,y2) -(x1,y1)  және (x2,y2) төбелері бойынша эллипс салады. Circle(x,y,r) - (x,y) центрі r радиусы болатын шеңбер сызады.                     Паскаль тілінде пайдаланылатын түстер:                               Графикалық режім теріс декарттық жүйесін пайдаланады.  Х осі солдан оңға қарай (640) , У осі жоғарыдан төмен қарай (480) өзгеріп отырады. Есептеу (0,0) – ден басталады            0   50  100  150       Х                  50       100            Y Мысалы, экранда қызыл және жасыл нүктелер шығарудың программасы Program nukteler; Uses  GraphABC; Begin SetPixel(25,50,clRed) ; SetPixel(100,100,clGreen) ; End.   Нүкте салу           0   50  100  150            Х                  50     •      100        •        У       Түзу кесінді салу Мысалы экранда сары түспен кесінді салу керек  Program kesindi; Uses  GraphABC; Begin SetpenWidth(3);                   SetpenColor(clYellow); Line(50,100,125,25); End.                0   50  100  150            Х                  50           100              Тіктөртбұрыш салу   Мысалы экранда кок контурлы, іші  қою қызыл  түске боялған тіктөртбұрыш салу Program tortburush; Uses  GraphABC; Begin SetpenWidth(3);                   SetpenColor(clGreen); SetbrushColor(clMaroon); Rectangle(50,50,150,100); End.                      0   50  100  150  200      Х                  50         100      150                      Y         Мысалы экранда  шеңберлер салу Program tortburush; Uses  GraphABC; Begin SetpenWidth(3);                    SetpenColor(clRed); SetbrushColor(clYellow); Circle(100,125,75); SetbrushColor(clAqua); Circle(100,125,50); SetbrushColor(clBrown); Circle(100,125,25); End.             Шеңбер  салу          0   50  100  150            Х                  50                        100                         Y         Сабақты қорытындылау: 1.     Графикалық операторлар қандай қызмет атқарады? 2.     Графиктік режімді қалай  орнатамыз ? 3.     CIRCLE операторы қандай қызмет атқарады? 4.      LINE операторы экранда қандай кескіндер салады? 5.     RECTANGLE операторы экранда қандай кескін салады? Үйге тапсырма:      Паскаль АВС программасында                               графиктік   объектілерді   программалау 
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.31 Mb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 249

Похожие материалы