Паскаль программалау тілінде геометриялық фигураларды салу (9-сынып)

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға Паскальдың графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, геометриялық фигураларды салуды үйрету, практикалық жұмыстар арқылы программа құру дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: әр түрлі геометриялық фигураларды салу программаларын үйрету арқылы эстетикалық тәрбие беру, әдемілікті көре білуге, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық қасиеттерімен қатар талғамдық қасиеттерін дамыту,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Пәнаралық байланыс: латын, қазақ тілі, математика, музыка.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, электрондық оқулық.

Сабақтың типі: Өтілген материалдарды жинақтау, қайталау.

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Практикалық, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, қауіпсіздік ережесін сақтау)

ІІ. Актуалдау

Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшыларын сайтап. Оқушыларды топ басшылары бағалайды. Сабақтың құрылымымен таныстыру.

І-ші сайыс: «Теориялық білім» сайысы.

ІІ-ші сайы: Compile - дан өтпейді ...

ІІІ-ші сайы: «Программистер» сайысы.

ІV-ші сайы: «Адасқан сөздер».

V. Сергіту сәті. «Қара жорға» әні бойынша жаттығу жұмыстары.

VІ-ші сайыс: «Жарнамалау» топ басшылар сайысы.

VІI-ші сайы:. «Операторлар сөйлейді.

І. Теориялық білім сайысы.

1. Borland International фирмасы қандай кітапхана жасап шығарған?(Graph)

2. Паскаль графикамен жұмыс істеу үшін қандай графиктік операторларды қосуымыз қажет? (драйверлер, пайдалану, модульдер, режимдер)

3. Актив терезедегі программаның қатесін тексереді. (Compile)

4. Pattern деген не? (бояудың типтері)

5. CloseGraph процедурасы қандай қызмет атқарады? (программаны аяқтау)

6. Графикалық режимде неше түс бар? (16)

ІІ. Compile - дан өтпейді ...

Геометриялық фигураларды пайдаланып машинаның суретін салу программасы

Program Mashena;

Uses graph;

Var

Graphdriver, (graphmode)1: integer;

(Begin)2

Graphdriver:=detect;

Initgraph(Graphdriver, graphmode,’c:pgi’);

Cleardevice;

Setcolor((2))3;

Rectangle(170,120,320,340);

Setcolor(2);

Rectangle(320,170,500,340);

Setcolor(4);

(Rectangle)4(220,170,270,240);

Circle(250,340,30);

Circle(420,340,30)(;)5

Readln;

End.

ІІІ. «Программистер» сайысы.

№1. Төртбұрыш ішіне дөңгелек сызу программасын құр.

Program Tortbyrush;

Uses graph;

Var

Graphdriver,graphmode: integer;

Begin

Graphdriver:=detect;

Initgraph(Graphdriver, graphmode,’c:pgi’);

Cleardevice;

Setcolor(2);

Citcle(120,120,30);

Rectangle(10,10,250,250);

Readln;

End.


ІV. Адасқан сөздер.

Атауы

Қызметі

1

SetBkColor

1

Түзу салу процедурасы

2

SetColor

2

Тіктөртбұрыш салу процедурасы

3

PutPixel

3

Іші боялған тіктөртбұрыш сызу

4

Line

4

Шеңберді сызу процедурасы

5

Rectangle

5

Боялған нүкте салу

6

Bar

6

Фигура жиегінің түсін білдіреді

7

Circle

7

Экранның фонының түсін білдіреді

Жауабы: 1-7; 2-6; 3-5; 4-1; 5-2; 6-3; 7-4.

V. Сергіту сәті.

VІ. «Жарнамалау» топ басшылар сайысы.

Жарнамалау сайысының мақсаты берілген тақырыптың мазмұнын ашып, мүмкіншігінше сол тақырып туралы оқушылдарға ақпарат жеткізе білу. Үстел үстіне конверттер қойылады, әрбір конвертте бір тапсырмадан бар. Берілген тапсырмалар:

  1. Алгоритм.
  2. Паскаль

VІI-ші сайыс. «Операторлар сөйлейді.

Операторлардың қазақша атауы берілген, Паскаль программалау тілінде, яғни латынша айтылуы.

Енгізу {Read} Соңы {End}

Егер {If} Шығару {Write}

Үшін {For} Орындау {Do}

Басы {Begin} Әйтпесе {Else}

Онда {Then} Дейін {To}

VІIІ. Қорытындылау. Жинаған баллдарына қарап жеңімпаз топ анықталады.

ІХ. Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушыларды топ басшылары бағалайды.

Х. Үйге тапсырма. Әр түрлі стильмен сызылған дөңгелектер салу программасы.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.92 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 142

Похожие материалы