Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттармен жұмыс

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім беруді реформалаудың жаңа мақсаты айқындалған: «адам ресурсын озық дамыту және Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіру» деп айтылған. Қазір педагогикалық қауымдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құруды сынақтан өткізудің ауқымды міндеттері тұр. Мұнда Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшу, білім беру мазмұнын жаңа мақсатқа сай жаңалау. Дәстүрлі оқыту жүйесі жаңа мақсаттармен бүгінгі күннің талаптарын қанағаттандырмайды. Білім берудің мазмұнын жаңалауға Қазақстан ғалымдарының тұжырымдамалары бойынша жаңа инновациялық технологияларды ендіру қажет.

Демократиялық білім үшін құрылған Консорциум басқарған «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану арқылы да информатика сабақтарын түрлендіріп өткізуге болады. Бұл әдістеме бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – «қызығушылықтарын ояту» деп аталады, бұл жерде мұғалім әртүрлі іс-әрекеттер арқылы оқушыларды қызықтыра алулары керек, осы кезеңнен әрі қарай сабақтың өтілуі тәуелді. Екінші кезең – «мағынаны тану» деп аталады. Мұғалім жетелеу сұрақтарын қою арқылы оқушыларға сабақтың мағынасын өз беттерімен ашатын жағдай жасап, тақырыптағы ереже, формулалар қорытындысына оқушылар өздері жетулері керек. Үшінші кезеңі – «ой толғаныс» мұғалім әдістемедегі стратегияларды пайдалана отырып сабаққа қорытынды жасауы керек.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 6.55 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 71

Похожие материалы