Photoshop программа терезелерімен жұмыс
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Турсымбаева Лаура Саяхатовна
|
Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.
Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.
Photoshop жаңарған сайын жұмысқа икемді әрі ыңғайлы болуда. Оны тағы да бір рет дәлелдейтін бір жай - енді ыстық клавишаларды өздігінше өзгертуге және реттеуге мүмкіндік бар. Қолданушы программада берілген ыстық пернелерді жаттамай-ақ өзіне ыңғайлы болған пернелерді түзіп қоя алады.
Тағы бір дәлел болатын жағдай – жаңа Histogram (Гистограмма) палитрасының пайда болуы. Оның атқаратын қызметі: кескіннің түсі мен ол жайлы ақпараттарды көру, әлбетте сонымен бірге оларды бақылап отыру. Осындай жаңалықтарымен Photoshop алдыңғы нұсқаларынан ерекшеленеді.
Одан басқа Photoshop-та біріктірілген кескін суреттерді (панорамных изображений) шағаратын жаңа керемет команда пайда болды. Бұл - Photomerge (фото біріктіру) командасы. Бұның көмегімен кез келген суретті көлденеңінен де, тігінен де біріктіріп жаңа кескін алуға болады.
Crop and Straighten атты жаңа құрал сканермен көп жұмыс істейтін адамдарға көп жеңілдік жасайды: енді сканерден өткен суреттер автоматты түрде кесіліп дұрыс жағына айналып отырады.
Web-графиканы әзірлейтін ImageReady пакетіне де көптеген өзгерістер енген. Енді түскен суреттерді Macromedia Flash форматында экспорттауға болады.
Әрине бұл жаңалықтармен Photoshop СS-тың мүмкіндіктері біте қоймайды. Жоғарыда көрсеткендер тек мысал ретінде ғана. Осылар мен тағы да басқа жаңалықтармен мүмкіндіктерді алда қарастырып өтеміз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 3.81 Mb |
Количество скачиваний: | 5 |