План-конспект по физике на тему "№10 эксперименттік тапсырма. Шынының сыну көрсеткішін анықтау". (8 класс)
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Нурбаева Аяулым Бакытовна
|
Сабақ тақырыбы:
№10 эксперименттік тапсырма.
«Шынының сыну көрсеткішін анықтау»
Сілтеме:
Ø Бастама -жауап -кейінгі әрекет Мерсер (1995ж) нұсқаулық 41 бет;
ØСыни тұрғысынан зерттеу Мерсер (2008ж) нұсқаулық 40 бет.
Оқып үйренудің жалпы мақсаттары
Жазық пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау, логикалық ой-өрісін дамыту, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Оқып үйренудің негізгі мақсаты
-сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;
-оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді үйрету;
-сабақта АКТ-ны пайдалануға үйрету;
-өзін-өзін бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру.
Оқып үйренудің
нәтижелері
v Жазық пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтай алады;
v Зерттеу барысында алған мәндерін кестедегі шынының сыну көрсеткішімен салыстырады, қорытынды жасайды;
v сыни тұрғыдан ойлайды;
v оқу мен оқытуда жаңа тәсілдерді үйренеді;
v сабақта АКТ -ны пайдаланады;
v өзін -өзі бағалайды.
1 тапсырма.
А) жазық пластинаны қағазға орналастырып, ағылшын түйреуіштерінің біреуін жазық пластинаны слайдта көрсетілгендей пластинаның ортасына, бір түйреуішті түскен сәуле бағытына орналастырып, пластинаның бергі шетінен екі түйреуіш бір сызытың бойына орналасқандай болып көрінетіндей етіп үшінші түйреуішті орналастыр.
Ә) Жазық пластинаны алып, түйреуіштердің қалдырған іздерін қосып, түскен сәулеге перпендикуляр жүргіземіз. Нәтижесінде екі үшбұрыш пайда болады . Ол ұшбұрыштарды слайдта көрсетілген әріптермен белгілеңдер.
Б) Өлшеулер нәтижесінде алған сыну көрсеткіштерін кестеге орналастырыңдар. Есептеуді бірнеше рет жүргізіңдер.
реті
ВС, см
FB,см
n
1
2
3
4
В) Кестедегі сыну көрсеткіштерінің орташа мәнін анықтаңдар?
С) Кейбір заттардың сыну көрсеткіштері кестесіндегі шынының сыну көрсеткішімен салыстырыңдар?
2 тапсырма. Төмендегі сұрақтарға бірінші жұппен, одан кейін топпен талқылап, жауап беріңдер.
1.Түсу бұрышы мен сыну бұрышын салыстырыңдар.
Күтілетін жауап: Түсу бұрышы сыну бұрышынан үлкен, себебі жарық тығыздығы аз ортадан тығыздығы көп ортаға өтіп тұр.
2. Зерттеу нәтижесі бойынша алынға сыну көрсеткіштерін салыстырыңдар, қандай қорытынды жасауға болады?
Күтілетін жауап:
Салыстырмалы
сыну көрсеткіші тұрақты шама.
2.Сыну заңын тұжырымдаңдар.
Күтілетін жауап:
3 -тапсырма. Сыну көрсеткішін анықтау барысында қандай қорытынды жасауға болады? Жұппен талқылап , тапсырмалар парағына жазыңдар.
Күтілетін жауап:Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралық ортаның оптикалық қасиеттерімен анықталынады .
Бағалау критерийлері:
5-ұпайлық бағалау шкаласы
Критерийлер бойынша ұпайлар
5
13-15
4
10-12
3
7-9
2
0-6
- Критерий С-коммуникация;
- Критерий D -эксперимент жүргізуі;
- Критерий F -техника тілін білуі.
Келесі қадамға тапсырма:
Жарықтың толық шағылуы тақырыбын оқып , сұрақтар дайындап келу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 533.88 Kb |
Количество скачиваний: | 38 |