План -конспект Сөйлем түрлері 3 сынып
| Предмет: | Начальные классы |
|---|---|
| Категория материала: | Конспекты |
| Автор: |
Махсум Раушан Махсумовна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сабақтың мақсаты: білім, білік дағдысын қалыптастыру, сөйлем туралы түсініктерін пысықтау.
Ойлау, есте сақтау, талдау, жинақтау, тез шешім қабылдау машықтарын қалыптастыру.
Мәнерлі жазуға, ұқыптылыққа, толық жауап беруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: анықтамалар кестесі, сызбалар, танымдық тапсырмалар, этнографиялық жұмбақтар.
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Сұрақ жауап әдісі
3. Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
Жұмбақ шешу: Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын. (сөйлем).
- Сөйлем туралы не білеміз?
Сөйлем түрлері: хабарлы сөйлем, лепті сөйлем, сұраулы сөйлем.
- Тыныс белгілері қандай?
- Сұраулы сөйлем қалай жасалады? (ма, ме, ба, бе, па, пе).
1. топ. Хабарлы сөйлем.
2. топ Сұраулы сөйлем.
3. топ Лепті сөйлем.
Әр ережеге тұжырымдама жасау.
- Бір нәрсені хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз;
- Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз;
- Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
4. Оқулықпен жұмыс.
Көркем жазу (Н, Ж, н, ж, на, наубайхана)
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 20,4 КБ |
| Количество скачиваний: | 26 |