План-конспект урока на тему "Ашық тұқымды өсімдіктер"

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Убайшанова Гулмира Темирхановна

Ақтөбе облысы Темір ауданы

Абай атындағы орта мектептін

химия және биология пәндерінің мұғалімі

Сыныбы: 6-биология

Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер

Мақсаты:

1. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің құрылысы мен ерекшеліктері, олардың түрлері, адам мен табиғат үшін маңызы, пайдасы мен қолданылуы туралы мәлімет беру.

2. Өсімдік дүниесі жөніндегі танымдарын кеңейту, биология пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық ізденіске баулу.

3. Оқушылардың туған жердің таңғажайып табиғатына деген жанашырлық сергек сезімдерін ояту және өсімдіктердің денсаулыққа пайдалы екенін ұғындыру.

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдіс- тәсілдер: Ақпараттық коммуникациялық технология, интерактивті әдістер

Көрнекіліктер: , интерактивті тақта, плакат, шырша

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдеу, үй тапсырмасын еске түсіру.

Қазір мен сіздерге шырша бергелі отырмын. Бұл шырша жаңа сабаққа қатысты. Әрбір тапсырманы орындаған сайын, әркім өз шыршасын бүрлермен безендіріп отырады. Сабақ соңында өте жақсы безендірілген шырша өте жақсы деп бағаланады.

Үй тапсырмасы

Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі

І тапсырма. Лездік сұрақтар: «Ойға шабуыл»

1.Плаундар ағаштарға жата ма?

2.Плаунды неліктен жылысқы деп атайды?

3.Орысша «плаун, плывун» деген сөздер қандай мағына береді?

4.Плаундардың қазіргі кезде қанша түрі белгілі?

5.Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі?

6.Плаундардың қолданылуы, маңызы?

7.Плаундардың табиғатта кездесуі?

8.Спорангий дегеніміз не?

9.Плаундардың табиғатта кездесуі?

10.Плаун спораларының өнуінің типтері?

ІІ тапсырма.

Сөйлемдерді толықтыр. Кестеден сөйлемді толықтыру үшін қажетті сөйлемдерді алып өз орындарына дұрыс орналастырыңдар:

1.Тең споралы плаундардың кең тараған өкілі-

2. Шоқпарбас плаун жиі кездеседі-

3. Шоқпарбас плаун көбейеді- .

4. Плаун спораларының өнуінің екі типі белгілі-

Қажетті сөздер: қарағайлы ормандарда, жерасты , жыныссыз, шоқпарбас плаун, өсімді, жерүсті, жынысты.

ІІІ тапсырма. тест. 10 сұрақтан тұратынн тест тапсырмасын электронды оқулық бойынша орындайды.

Қорытынды:Үй тапсырмасын электронды оқулық арқылы қорытындылау.

Сергіту сәті: Шырша биі

Жаңа сабақ

Жердің көркі - жасыл әлем саялы,

Қамқоршы бол алақанмен аялы.

Қиын-қыстау күн түссе егер басыңа,

Жапырағын көлеңке етіп жаяды.

Жаңа сабақ жұмбақ арқылы ашылады.

1.Өзі таудың бөктерінде өседі.

Жаңа жылда үй төріне көшеді.

( шырша )

2. Дауылға да, аязға да,

Шыдап бағар мізбақпай.

Тау етегі тұрағы,

Жап-жасыл боп тұрады.

( Қарағай )

Жаңа сабақ

Ашық тұқымды өсімдіктер тұқыммен көбейеді. Ашық тұқымдылардың барлығы –сүректі өсімдіктер, ағаштар мен бұталар. Басым бөлігі мәңгі жасыл түсті. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, жеміс түзбейді, жапырақтары ине тәрізді жіңішке. Сондықтан қылқан жапырақтылар деп атайды. Бұлар- ғаламшарымызда бұдан 220 млн жылдан астам бұрын тіршілік еткен ең ежелгі өсімдіктер. Ең көп тараған өкілдері: қарағай, шырша, самырсын, сауырағаш, бозарша, арша, т.б . Ашық тұқымды өсімдіктердің діңі (сабағы), жапырағы, тамыры, жақсы дамыған.

Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғатта атқаратын рөлі зор. Тұқымын құстар қорек етеді. Адам өмірінде құрылыс материалына, қағаз дайындауда пайдаланады. Сібірлік қарағай тұқымынан азықтық самырсын майы алынады

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

№ 21 зертханалық тәжірибе

І тапсырма.

Ашықтұқымды өсімдіктердің өздеріне тән ерекшеліктерін ескеріп. Қажетті сөздерді қатыстырып кестені толтыр.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 41.88 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 139

Похожие материалы