План урока по казахскому языку на тему "Моя родина -Казахстан"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

Сынып: 5

Пән: қазақ тілі

Тақырып: «Менің Отаным-Қазақстан». Тәуелдік жалғау.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: туған ел туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру;

Ә) Дамытушылық : Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Б) Тәрбиелік: Отанды, халқын, тілін сүюге баулу. Туған жерді аялауға, қазақ елін қастерлеуге, патриотизмге тірбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топтастыру, сұрақ-жауап, сәйкестендіру,жеке,

Сабақтың формасы: сыныптық, жекелей, топпен

Сабақтың көрнекілігі :интерактивтік тақта, тапсырмаларға байланысты слайдтар,

Сабақтың технологиясы:дамыта оқыту технологиясы, интерактивтік оқыту технологиясы

Сабақтың пәнаралық байланысы:қазақ әдебиеті, орыс тілі, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1СЛАЙД

Мотивациялық трениг. (психологиялық ахуал)

(Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды).

Қайырлы күн, жер ана!

Қайырлы күн ,көк аспан!

Қайырлы күн, маған!

Қайырлы күн, саған!

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн, мұғалім !

Мұғалім: Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді, қонақтарымызға «Қош келдіңіз!» деп айтамыз (балалар хормен айтады), ал сендер, балалар, сабақта белсенділеу жұмыс жасайсыңдар деп үміттенемін.

(орындарына отырады)

-Балалар, айтыңыздаршы, жуырда қандай мейрам өтті? (ҚР тәуелсіздік күні)

-Дұрыс, айтасыңдар, ал тәуелсіздігімізге биыл неше жыл болды? (23 жыл болды)

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.45 Mb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 118

Похожие материалы