План урока по казахскому языку в 7 классе на тему: «Сыйлық. Кімге не сыйлау керек?»
Предмет:
Иностранные языки
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Есмагзамова Надежда Анатольевна
Здесь была ссылка на работу План урока по казахскому языку в 7 классе на тему: «Сыйлық. Кімге не сыйлау керек?» автора Есмагзамова Надежда Анатольевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Пән: қазақ тілі Сынып: 7 Күні: Сабақтың тақырыбы: Сыйлық. Кімге не сыйлау керек? Сабақтың мақсатын, барысын айту. 1)ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру; 2)логикалық ойын дамыту жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне, ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету; 3)оқушыларды тілдерін бұрмаламай ашық, таза сөйлеуге дағдыландыру. Түрі: дәстүрлі Әдісі: сұрақ-жауап, Көрнекілігі: кеспе қағаздар І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. II.Үй тапсырмасын тексеру. ІІ деңгей бет 33, сөздік жаттау IІІ. Бекіту. 1-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп жазып алу, есте сақтау. Тұйық етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіру.* Сыйлық талғамыңнан шықпаса да, ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, рақмет айтуға тиістісің.*Сыйлықтың бағасын сұрап, жұрттың көзінше пайдалы немесе пайдасыз екенін айтуға болмайды.*Сыйлықты қайтып беру-әдепсіздік.*Сыйлық әкелмеген қонаққа ренжімейді, оларға да басқалармен бірдей құрмет көрсету керек. 2-тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс, бұрысын анықтау.1.Сыйлық қымбат болу керек.2.Сыйлықтың пайдалы болуы міндетті емес.3.Туысына,досына арнап өлең, ән сыйлауға болмайды. 1. 2-тапсырма. «Баланың сыйлығы» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау. Сынып 3 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Жауаптары және парақтарда дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға болады). Бірінші тапсырманы орындап болған соң, команда оны үлгі бойынша тексереді, сонан соң 2, 3, 4-тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырма бағаланып, нәтижесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңына барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.