Планирование по информатике

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

"Описание материала:

ИНФОРМАТИКА КЕШІ! Информатикаға үлес қосқан ғалымдар Мақсаты:

"Оқушыларға информатикаға үлес қосқан ғалымдардың еңбегін дәріптеу, информатика тарихын меңгерте отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Барысы:

1-жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! 2-жүргізуші: Бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Кеш барысында біз сіздерді информатикаға үлес қосқан ғалымдар, өнертапқыштармен таныстыратын боламыз.

2-жүргізуші: Қызықты мәліметтер мен таң қалдырар жаңалықтарға көз тастағыңыз келсе бар назарларыңыз бізде болсын.

1-жүргізуші: Әлемдегі ең бірінші механикалық есеп машинасы – Паскаль машинасын 1642 жылы Блез Паскаль құрастырған екен (слайдта Паскаль машинасының суреті беріледі).

2-жүргізуші: Ал 1833 жылы Бэббидж машинасы құрастырылған. Оның мүмкіндіктері: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жады, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы.

1-жүргізуші: Ең бірінші электронды есептеуіш машинасы – 1946 жылы Америка Құрама Штатының Пенсильван университетінде ENIAC машинасы құрастырылды. Ол машина қосу, азайту, көбейту амалдарын орындай алды.

2-жүргізуші: Сонымен қатар электронды есептеуіш машинасының даму тарихы, буындарының ауысуы электрондық техникалырдың дамуымен ЭЕМ-нің элементтік базасының ауысуымен байланысты.

1-жүргізуші: "1 буын. 1949 жылы Морис Уилкс (Англия) алғашқы EDVAC компьютерін жасады. Бұл жадында сақталған бағдарламалары бар әмбебап ЭЕМ цифрлық электрондық есептеуіш машиналардың алғашқы буындарына жол салды.

2-жүргізуші: "2 буын. 1955 жылдан бастап екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастады. Оларды электрондық лампалардың орнына транзисторлар пайдаланды.

1-жүргізуші: "3 буын. Интегралдық схема – алғашқы микропроцессорлар негізінде құрастырылған. ЭЕМ-дер үшінші буынға жатады. Интегралдық схема – бұл шағын жартылай өткізгішті кристалдар, оларда бірнеше мыңдаған транзисторлар бар.

2-жүргізуші: "4 буын. Қазіргі кезде төртінші буындағы ЭЕМ-дер қолданылуда (1977- қазіргі кез).

1-жүргізуші: Тарихқа терең үңілсек, ал қазір сергитін кез.

2-жүргізуші: Сергу үшін қонақтарымыз төмендегі сұрақтарға жауап берсін.

1-жүргізуші: Компьютердегі мәліметтерді сақтайтын негізгі құрылғы қалай аталады? (қатқыл диск)

2-жүргізуші: Компьютердің қандай құрлғысында ақпарат өңделеді? (процессор).

1-жүргізуші: ОЖ дегеніміз не? (ОЖ – компьютер қосылғанда бірге жүктелетін, барлқ құрылғыларды басқаратын арнай программа).

2-жүргізуші: Баспаға шығару құрылғысы? (принтер)

1-жүргізуші: Жақсы, ендеше тарих қойнауына қайта енейік!

2-жүргізуші: Бірінші советтік ЭЕМ-ге 1950 жылдары басшылық жасаған академик ғалым С.А.Лебедев.

1-жүргізуші: Windows бағдарламасымен бүкіл әлемге компьютердің жаңа қызметін ашып берген Билл Гейтс болатын.

2-жүргізуші: Кезек аниматорларды! (Слайдтағы аниматорлар ойыны көрсетіледі).

1-жүргізуші: Рахмет, ендеше кеш соңында алған әсерлеріңіз жөнінд айтып берсеңіздер.

2-жүргізуші: Информатика тарихынан толық мағлұмат алды деген сеніммен, біз сіздермен қоштасамыз. Баршаңызға рахмет!

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 30 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 88

Похожие материалы