Планирования по казахскому языку на тему : "У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы."
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Есенова Анар Ауғажықызы
|
Қазақ тілі 2- сынып
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы.
Сабақтың мақсаты: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру.
Пәндік нәтиже: у дыбысы бар сөздерге дұрыс талдау жасай білу; у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету; сауаттылықтарын арттыру.
Тұлғалық нәтиже: тиянақты болуға, еңбексүйгіштікке, дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Жүйелі – әрекеттік нәтиже: алған білімдерін тапсырманы орындау кезінде қолдана білу; қорытынды жасай білу.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын сұрау. Дыбысталмайтын әріптері бар сөздерге мысал келтіру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Алдымен жаңа сабақты қабылдауға дайындық жұмысы жүргізіледі. У дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіреді. У дыбысының қай буында тұрғанын анықтайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. У дыбысы басында тұрған сөздерге мысалдар келтіреді.сөз ішіндегі у дыбысының айтылуына назарларын аударып, олардың дауысты немесе дауыссыз дыбыс болып тұрғанын анықтауға талпындыру. Оқушылар у дыбысының кейде дауыссыз, кейде дауысты болып айтылып тұрғанын өздері байқауы тиіс. Мұғалім осы сабақта у дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз болып тұру себебімен танысатындықтарын айтады.
Алдымен у дыбысының дауысты болып айтылуымен танысады. Жаңа тақырыппен таныстыру кезінде «Кестелер жинағында» берілген материалдарды пайдалануға болады. 1,2-жаттығулар жаңа сабақтың ережесін балалар өздері қорытындылап айтуға жетелейді. У дыбысы бар сөздерді сөйлем ішінен, өлең жолдарынан тауып, буынға бөледі, оның дауысты дыбыс болып тұрғанын анықтағаннан кейін,дауысты дыбыс болғанда үнемі олардың дауыссыз дыбыстан кейін тұрғанын байқауынажағдай туғызу керек. У дыбысы сөздің басында тұрған жағдай жеке қаралады. Дауыссыз дыбыстың алдында тұрған кезде у дыбысы дауысты дыбыс болатынына көздерін жеткізеді.
Осындай жаттығу жұмыстарынан кейін ережені өздері қорытындылап
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 54 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |