Портфолио: А есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Коммуникативтік технологияларды зерттеу бүгінгі жағдайда, қарым-қатынас мәселесі бірінші орында тұрғанын байқатады. Оның негізгі себептерінің бірі болып, оқушылардың өз ойларын білдіруде, оларды дәлелдеп нақтылауда қиындыққа ұшырайтынымен байланысты болып отыр. Сол себептен мен практика кезінде курс модульдарының негізгісі қылып, сыни тұрғыдан ойлауды таңдап алдым.

«Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 49 бет). Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз, логикалық ойлаумен қатар, алған білімді жан-жақты ойлай отырып, оны бағалап, талдап және синтездеп тағы қолдану. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту оқу процесіндеге күрделі мендеттердің бірі (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 49 бет). Осы мәселені шешудің негізгі жолдарының бірі, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету технологиясын тиімді қолданатын сабақ жоспарын жасап, қолайлы әдістерді қолдана білу.

Сыни тұрғыдан ойлау оқушының нені білетіні және осы білім туралы ойланып өзгерістер енгізуі. Осы мүмкіндікті қолдану үшін өзінің түсінігін және білімін танымдық денгейге жеткізуі керек.

 

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда айрықша орын алатын – диалог болып табылады.  Ал диалогты қолайлы қолдану әдістерінің бірі – оқушыларға сұрақ қою. «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 40 бет). Сұрақ коюдың әр-түрлі әдістері бар, соларды нәтижелі қолдана алсақ, сұрақтар «оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41 бет). Сол себепке байланысты сұрақ қою арқылы сыни тұрғыдан ойлауды практикада ширақ қолдандым. Менің курста түсінгенім, сұрақтар әртүрлі болады;

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.45 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 71

Похожие материалы