Портфолио: В3 есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ынтымақтастық оқу дегеніміз не? Ынтымақтастық оқу –өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия  болып  табылады. Барлық  жағдайларда  адамдар топтарға бірлескен  кезде ынтымақтастық  адамдардың  топтың  жекелеген  мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып  жұмыс істеу тәсілін  ұсынады. Топтың жұмысы  тиімді  болуы  үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің  ынтымақтастығы  арқылы  ымыраға, пәтуаға  жетуге  негізделген /Топтық жұмыс туралы нұсқаулық, 1-бет/. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу  жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің  оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.   Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы  да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында   мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.

 

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының  бірінші  кезеңі «Бетпе – бет»  аудиториялық  оқу  төрт апта кезеңінен алаған теориялық білімді мектепте іс тәжірибемен ұштастырдым. Әрбір мұғалім жаңа заман талабына сай болу және осы заманға сай оқушыны дайындау үшін әрдайым өз тәжірибесін жетілдіру мақсатындағы ізденісте болуы керек деп ойлаймын. Осы Бағдарлама курсын өткеннен кейін мен өзім үшін тәжірибемді дамытуда қандай бағытта қозғалу керектігін анықтадым. Бұрыннан-ақ тәжірибе алмасу, әріптестермен кеңесу сияқты тәжірибемді жетілдіруге арналған жұмыстарды атқарып отырсам да, ол жұмыстар кездейсоқ түрде болатын. Енді курс Бағдарламасының аясында алған білімді өз тәжірибемді жетілдіру үшін саналы түрде қолданатын боламын. Сонымен қатар, өзге де әріптестеріммен кеңесу арқылы олардың да тәжірибелерін дамытуға барша көмектесуге тырысамын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 293.16 Kb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 153

Похожие материалы