Портфолио

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

"Описание материала:

Мен, Тұңғышбекұлы Азиз 1988 жылдың маусым айының 18 жұлдызында дүниеге келдім. №235 орта мектепке 1995 жылы 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін оқып, 7 сыныптан бастап №7 мектепте білім алып №2006 жылы 11 сыныпты бітірдім. 2006 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеттің “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2010 жылы толық курсын аяқтап шықтым. 2010 жылдың cәуірінен бастап № 7 орта мектепте «Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарамын.

"Тақырыбы: «Толағай» сайысы

""Мақсаты: Оқушыларды шымырлыққа, жылдамдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Қажетті құралдар: Стақандар, шарлар,гир-шар

Өткізілетін орны: № 7 мектеп спорт залы.

"Жоспары:

І. Кіріспе сөз.

ІІ. Жарыс екі топ арасында өтеді. Жарыстың түрлерімен таныстыру.

  1. Мұнара салу.
  2. «Қай топ көп шар жинайды?»
  3. «Кенгуру» жарысы
  4. «Баскетбол» жарысы Әділ қазылар алқасын сайлау.

ІІІ. Қорытынды. Барысы

І. Жүргізуші жарысқа қатысқалы отырған екі топпен таныстырады.

ІІ.

  1. «Мұнара салу» ойыны. Екі топтан бір-бір оқушыдан кезектесіп жүгіріп, мұнара салушыға стақандар апарып берулері керек. Қай топ стақандарын тауысса, сол топ жеңеді.
  2. «Қай топ көп шар жинайды?». Ойынның шарты: Екі топ оқушыларынан бір оқушыдан шығып, межеге барып тұрады. Олардың үстінде клоунның киімі болады. Әр топтан бір баладан қолдарына шар алып, клоунның шалбарын шарлармен толтырулары керек. Қай топ шарларын тауысса, сол топ жеңеді.
  3. «Кенгуру» жарысу. Екі топтан бір-бір оқушыдан гир-шарларға отырып, межені айналып жүгірулері керек. Қай топ тез айналса, сол топ жеңіске жетеді.
  4. «Баскетбол» жарысы. Балалар қоладарындағы өшіргіштері біртіндеп жүгіріп барып шелектің шіне белгіленген жерде тұрып дәлдеп лақтырулары керек. Ойын 3 рет қайталанады.

ІІІ. Қорытынды. Әділ қазылар алқасы жеген топты анықтап, марапаттайды.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 12.02 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 130

Похожие материалы