Поурочное планирование урока "Казахского языка" в классах с русским языком обучения. 1 класс. Тема: Игры. Давай, поиграем!
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Енсебаева Анар Кизатовна
|
Пән: қазақ тілі Сынып: 1 Мерзімі:
Тақырыбы: Ойындар.Кел,ойнайық!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың ойыншықтар тақырыбын меңгерту, білімдерін толықтыру. Балаларға ойыншық туралы мәлімет беру.
Дамытушылық:Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы балаларға ойыншығы туралы айта алуға үйрету.
Сөз арасында қазақ тіліне тән дыбыстарын табуға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорларын байыту.
Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, кітап.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Тәртіп орнату.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.Пысықтауға арналған сұрақтар:
-Өткен сабақта не туралы сөйлестік?
Шаттық шеңбері: Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, қара жер,
Жылуыңды бер маған
Міне, менің қолым.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Сөздікпен жұмыс:
иә-да
ойна-играй
1-тапсырма.Диалогті оқы.
-Саша,сенде доп бар ма?
-Иә, доп бар.
-Неше доп?
-Екі доп.
-Маған бір добыңды берші.
-Ал,ойна..
-Сара ,сенде қуыршақ бар ма?
-Жоқ,Маша.
-Не бар?
-Қоян бар.
-Ол қандай қоян?
-Ол ақ қоян.
2-тапсырма.Мәтіңді тыңда.
Саша машинамен ойнады.Ленаның қуыршағыбар.Арай текшемен ойнады.Әйгерім мен Құралайдың қонжықтары бар.Айман мен Әсия секіртпемен секірді.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
3-тапсырма.Өлеңді тыңдап, жаттап ал.
Үй алдында Ваня ағай
Велосипед майлады.
Вова шығып далаға,
Вагон сүйреп ойнады.
4-тапсырма.Сөзжұмбақты шеш.
1.Кукла.
2.Кубик.
3.Скакалка. /піл/
5-тапсырма.Сөйлемдердітыңда. Суреттерді ата.
Каринаның қонжығы бар, шары жоқ.
Диманың машинасы бар, доптары жоқ.
Жазу дәптермен жұмыс.
Сабақты бекіту.Сұрақтар:
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады?
-Сабақта не туралы сөйлестік?
-Не білдіңдер?
-Қандай ойыншықтары білесіңдер?
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру: жазу дәптерінде 30–бетті жазу.
Сабақты бағалау:
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 116.78 Kb |
Количество скачиваний: | 39 |