Поурочный план по казахскому языку в 4 классе на тему "Жаз"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Раисова Жанагуль Жандыльдыевна
|
Раисова Ж. Ж.
Қостанай қ.
№1 мектеп – лицейі
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі
Сынып:4
Лексикалық тақырып:Жаз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың білімдерін арттыру.
Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету .
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, білім, білік, дағдыларын жинақтап қолдану сабағы
(урок комплексного применения знаний и умений)
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, аудару,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә)оқушыларды түгендеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру өтілген сөздерді қайталатып, сұрау
ІІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту . (Тақтада жаз суреті бейнеленген)
ІҮ.Жаңа сабақ
1. Лексикалық тақырып.
а)Жаңа сөздермен жұмыс
жүземіз- плаваем көбелектер- бабочки
шомыламыз- купаемся ең ыстық- самый жаркий
соңғы- последний
- Жаңа сөздерді мұғалім оқып таныстырады
-оқушылар сөздерді қайталайды,сөздік дәптеріне жазады
- жаңа сөздермен сөйлем құрастырады.
Ү. Презентациямен жұмыс.
ҮІ. Кітаппен жұмыс
-Тапсырмаларды орындату:
2- тапсырма 199 бет. Оқы, әңгімеле
Маусым (июнь) –жаздың бірінші айы. Маусым айында күн жылы болады. Шілде (июль) –жаздың екінші айы. Шілде айы –ең ыстық ай. Тамыз (август) –жаздың соңғы айы. Тамыз айында көп жемістер, көкөністер піседі.
Мәтін бойынша сұрақ-жауап.
-Жұптық жұмыс.
Оқушылар өзара жаз туралы диалог құрастырап, диалогты досымен оқиды.
-Мәнерлеп оқу сайысы.
Оқушылар жаздың үш айы туралы өлең оқиды, мәнерлеп оқыған оқушы бағаланады.
Маусым
Құс көбейді көлдегі,
Маусым келді – жаз мейрам.
Асыр салып төлдері,
Жан – жануар мәз – мейрам.
Шілде
Шілде келді. Бұл бір ай,
Жаз айы ғой ең ыстық.
Апамызға құлпынай,
Алма, шие терістік.
Тамыз
Тамыз жомарт бұйырда,
Пісті қауын, алма, өрік.
Жүзім, алмұрт үйілді,
Дастарқанға сән беріп.
4 – тапсырма. Үлгі бойынша сөйле.(ауызша)
Бір оқушы жаз сөзін тақтада септейді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 37.5 Kb |
Количество скачиваний: | 22 |