През
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жусупова Гулсім Асылқызы
|
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
ә) Дамытушылық: Сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
б) Тәрбиелік: Сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысына негізделген сабақ.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, тыңдап түсіну, жазу, екеуара сөйлеу, топпен жұмыс сұрақ-жауап жұмысы, қызығушылықты ояту.
Сабақтың көрнекілігі: кластер, үлестірме карточкалар, плакаттар, геометриялық фигуралар, сөз жұмбақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. Үй тапсырмасын терме диктанты арқылы тексеріп шығамын.
Сапалық сын есімді бір бөлек, қатыстық сын есімді бір бөлек теріп жазыңдар.
Көнетоз, мейірбан, таулы, өнерпаз, төзімді, жылы, әдемі, сұлу, пайдалы, шөлді, мақтаншақ, сүйкімді, қабілетті, сәулетті, тәтті, биік, әдепті, жемісті, әдеби, үлкен.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.97 Kb |
Количество скачиваний: | 5 |