Презентации к урокам казахского языка за 6 класс
Предмет:
|
Иностранные языки
|
Категория материала:
|
Презентации
|
Автор:
|
Жумабекова Куаныш Багитжановна
|
Здесь была ссылка на работу Презентации к урокам казахского языка за 6 класс автора Жумабекова Куаныш Багитжановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
6 сыныптың қазақ тіліне арналған презенатациялар Презентация жинағының авторы: Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы Түсінік хат Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Жинақтағы сызбалар,трек-схемалар оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді. Бұл көмекші құрал оқу орыс тілінде жүретін жалпы орта білім беретін мектептердің 6 сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылды. Негізгі мақсаты-оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Бұл құрал тілдің грамматикалық белгілері мен ерекшеліктерінің сырын,оның әлеуметтік мәнін ашып,тіл мәдениетін арттыру, шығармашылық ізденіс, іскерлік дағды қалыптастыруға септігін тигізеді деген талаппен жасалды.Осы құралды тереңдетіп оқытатын сыныптар үшін де пайдалануға болад Ұсынылып отырған бұл презентациялар жинағы жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған. Мемлекеттік білім стандартын сақтайды. Оқушыларға ұсынылған тапсырмалардың бәрі шығармалардан, кітаптардан, журналдардан үзінділері алынып, икемделіп жазылған. Оқулықтағы тапсырмалары сақтала отырып, көмекші құралда жалғастырылады. Оқулықта берілген тапсырмаларды толықтырады да үндес келеді. Презентациялар жинағы арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту,сөз тіркестерін мен сөйлемдерін іс жүзінде дұрыс пайдалану білігін жетілдіруге болады.. Бұл тапсырмалар оқушыларға өтілген материалды пысықтап, қайталап, есте қалу қабілетін қалыптастыруға, сол материалды талдап, жан-жақты меңгеруіне өте тиімді екенін көрсетеді. Әзірлеген нұсқа модульдік технологиясы сипатта құрылған. Жалпы білім беретін орыс мектептерінің 6-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша презентациялар жинағының басты мақсаты – 6-сынып оқушыларына мемлекеттік тілді меңгертуде оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Сонымен бірге, аталмыш жинақты 6-сынып мұғалімдерінің жаңа тақырыпты бекіту, қорытынды бақылау жұмыстары, өткенді қайталау сабақтарын өткізу барысында жәрдем беруші оқу құралы ретінде пайдалануларына болады. Презентациялар жинағы оқулық бойынша құрастырылған. Мынадай тақырыптар бойынша жасалған : «Қалаға саяхат», «Күз», «Мектеп өмірі», «Менің достарым», «Отбасы», «Уақыт». Презентация жалықтырарлықтай біркелкі құрастырылмай, оқушылардың қызығушылықтары мен ой-өрістерін дамытатындай етіп түрлендірілген. Бұл ұмынылған презентациялар жинағында ҚР білім беру стандартымен қарастырылған лексикалық және грамматикалық минимум толығымен қамтылған. Ұсынылған презентация жинағының мақсаты: -Тапсырмаларды орындау барысында қазақша сөздерді үйрену; -есте сақтау, ой-өріс қабілеттерін арттыру; -ұйымшылдыққа тәрбиелеу; -сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Міндеті: -Сабақтағы материалды оқушыларға меңгерту, тәрбиелеу жұмысын іске асыру; -оқушылардың қазақ тілі материалын толық меңгерту; -өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру; -ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайтуға көмектесу. «Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі. Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады. Мемлекеттік тілдің іргетасын қалау мектепте басталуы әбден заңды. Өйткені орыс мектептерде қазақ тілін оқыту-халқымыздың мәдениетін тани білуге, тілді үйренуге, қызығушылығын қалыптастыруға бағытталады. Оқушыларға оқу материалын жан-жақты терең ұғындыру үшін түрлі әдістерді пайдалана білу қажет. Дұрыс қолданылған әдіс оқушылардың назарын аударумен қатар, қызығушылығын, ынтасын да арттырады.
Тип материала:
|
Архив RAR (rar)
|
Размер:
|
8.88 Mb
|
Количество скачиваний:
|
4
|
Просмотров: 119
Похожие материалы