Презентация 5-6 жастағы баланың жеке қабілетін дамыту(Мектепалды даярлық топ)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Шапей Жайнағалам Шапейқызы
|
Түсініктеме
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Бағдарламаның мазмұны баланың жеке жас ерекшелігінің мүмкіншіліктерін ашуға, бала тұлғасын жан-жақты дамытуға, жалпы адамдық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім жүйесін қалыптастыруға, әлеуметтік ортада оң қатынастарға қабілетті шығармашыл тұлғаны дайындауға бағытталған мектепке дейінгі ересек жас балаларын тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттарын шешуді көздейді.Осы мақсатта бүгінгі таңда 5-6 жастағы балаларға «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша білім берілуде. Жалпы бағдарлама 5 бөлімнен тұрады.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 5.83 Mb |
Количество скачиваний: | 29 |