Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Алтын қақпа
( музыкалық-танымдық ойын-сайысы)
Мақсаты: Оқушылардың есту, тыңдау, қабылдау, орындау қабілетін арттыру.
Міндеттері:
- -Оқушыларды музыкаға, өнер-бңлңмге деген қызығушылығын арттыру.
- -Оқушыларды мәдениеттілікке баулу.
- -Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
-
- Ойын шарты:
- Ойын 4 кезеңнен тұрады.
-
- 1-кезең: «Тас Қақпа»әнші композиторлар туралы сұрақтар.
- 2-кезең: «Қола қақпа»аспаптар мен күйлер туралы
- аудио сұрақтар және сұрақтар.
- 3-кезең: «Күміс қақпа» жұмбақ әуен
- 4-кезең: «Алтын қақпа»1 сұрақ,
- Құпия сандық-1 сұрақ
-
- Ескерту: әр жауап бір бүтін нотадан тұрады.
- Нотаны ең аз жинаған қатысушы
- 2-кезеңнен кейін ойыннан шығады.
- Содан бастап әр кезең сайын
- бір қатысушыдан шығып тұрады. Ең аз нота жинаған қатысушыға көмекке нота келеді. ( солфеджио )
-
- І – кезең: Тас қақпа. Әнші – композиторлардың шығармашылығы.
- -Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнінің әні мен сөзін жазған кім?/ С: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев ә: Ш. Қалдаяқов /
- -Құрманғазы күйлерін ата.«Адай, Балбырауын, Сарыарқа, »
- -Тәттімбет күйлерін ата. « Саржайлау, Сылқылдақ, Бестөре »
- -Дәулеткерей күйлерін ата.«Косалқа, Жігер, Топан»
- -Қазанғап күйлерін ата. «Ысырма, Шыныаяқ тастар, Құсқайтару»
- -Ықылас күйлерін ата.«Қасқар, Кертолғау, Ерден»
- -Динаның күйлерін ата. «Әсемқоңыр, Бұлбұл, Науайы »
- -Сүгірдің күйлері жәнешәкірті.«Телқоңыр, Майдақоңыр, Қосбасар, Аққу» шәкірті-Төлеген Момбеков.
- -Кетбұға деген кім?Белгілі күйші, жырау. « Ақсақ құлан» күйінің авторы.
- -Музыка пәнін қандай пәндермен байланыстыруға болады?
- Ең аз нота жинаған қатысушыға,көмекке нота келеді:
- (қабылдау орындау қабілетін арттыру )
- -Ақан серінің шын аты кім? әндерін ата. Ақжігіт -Балқадиша, Құлагер, Маңмаңгер
- -Біржан сал кім? Қандай әндері бар? Әнші, ақын, композитор – Ләйлім шырақ, Адасқақ, Жанбота, Айтбай
- -Гәкку әні кімнің әні, қандай операға жазылған? Үкілі Ыбылайдың әні Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек операсындағы Жібектің ариясына жазылған.»
- -Жаяу Мусаның шын аты-жөні.Ол неліктен «Жаяу Муса» атанған? Мұса Байжанұлы
- -Алтын Орда ыдырай бастаған кезде өмір сүрген, «Ел айрылған» «Желмаяның жүрісі» аттыкүйлердің авторы. Асан қайғы
- Ең аз нота жинаған қатысушыға, көмекке нота келеді:
- (қабылдау орындау қабілетін арттыру )
ІІ – кезең. « Қола қақпа».
1.Аудио сұрақтар
2. Қазақ халқында ұлттық билердісүйемелдеу үшін қолданылған
сілкімелі аспап? Асатаяқ, Қоңырау, Шартылдақ,
3. Аңға шыққанда, жауынгерлікжорықтарда, пайдаланған
Ұрмалы-соқпалы аспап? Дабыл, даңғыра, дауылпаз.
4. Ортасында сүйір тілшесі бар, жіпті серпіп тарту арқылы
дыбыс шығаратын аспап?шаңқобыз
5. Саздан жасалатын үрмелі асап? Сазсырнай
6. Мүйізден жасалатын, бармақпен басқанда дыбыс шығатын аспап?Мүйізсырнай
7. Музыка зерттеушісі А.Эйхгорн 1880 жылы қазақтардан тапқан
үрмелі аспап? Ұран
- Ең аз нота жинаған қатысушыға, көмекке нота келеді:
- (қабылдау орындау қабілетін арттыру )
ІІІ – кезең: «Күміс қақпа» жұмбақ әуен
ІҮ – кезең: «Алтын қақпа»
Сұрақ: Халық аспаптар оркестрі қай жылы, қалай құрылды? оны құрған кім?
Жаубы: Халық аспаптар оркестрін құрған қомпозитор, музыка зерттеушісі А.Жұбанов. ең алғашында оркестр 11 адамнан құрылған. 1934 жылы алматы қаласында алғаш рет халық аспаптар оркестрі консерті өтті Бүгінгі таңда ол 60-70 адамнан құралған Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі деп аталады.
Құпия сандық сұрағы
Шығыстың философы, энциклопедист, музыка зерттеушісі, ұлы ғұлама ғалым. Ол кім?
Жауабы: Әбу Насыр – Әл Фараби