Презентация для начальных классов «Жайлауда»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Абдрахманова Кундызай Пайзхановна
|
"Описание материала:
Сабақтың тақырыбы: Жайлауда.
Сабақтың мақсаты: Білімділік оқушылардың жайлау туралы ұғымдарын кеңейтіп,алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Балалрдың мәнерлеп оқу сұраққа жауап беру,жазу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушылардың табиғатқа ,өсімдіктерге деген сүйіспеншілігін мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Сабақ әдісі:Әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Сабақ көрнекілігі:тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
“Жусан” өлеңді мәнерлеп оқып,сұрақтарға жауап дайындап келу.
Жусан қандай шөп?
Ол қайда өседі?
227-жаттығу.Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.
Менің елім-Қазақстан.Елімнің бас қаласы- ... .
Астана.
ІІІ Жаңа сабақ.
Оқушылар интерактивті тақтада шыққан суретті атайды.
Жаңа сабағымыз не жөнінде болады? (Жайлау)
-Олай болса, Бүгінгі сабақта біз жазушы Нұрқасым Қазыбековтың «Жайлауда» мәтінімен танысамыз.
Қандай жайлаулар бар?
Адамдар жайлауда қандай іс істейді?
Таулы жайлауда қандай жемістер өседі?
Сәуірдің он тоғызы.
Сынып жұмысы.
Д Д
д д
Досбол доп дәрігер домбыра
229-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Жер,су аттарын ата.
Сәуле Астанада тұрады.Ол демалыста Алматыға барды.Алматының әсем көшелері өте ұнады.Абай,Абылайхан,Әл-Фараби даңғылдарын тамашалады. Ағасымен Медеу мұзайдынына барды.
Сергіту сәті.
Бір,екі,үш-
Бойға жинап күш.
Жайлауға біз барайық,
Малды бағып қайтайық.
230-жаттығу.Жұмбақтағы ел атауларын тап.
Аралайық әлемді,
Берем дерек,дәлелді.
Табыңдаршы өздерің
Жұмбақтадым қай елді?
Айтыңдаршы ал енді,
Тундрасы бар елді. (Ресей)
Мұнараны ең алып,
Алған қайсы ел салып. (Франция)
Базары көп,тола адам,
Ала тақия,ала шапан. (Өзбекстан)
Айтыңдаршы,ал енді,
Шай мен пілі бар елді. (Үндістан)
Сабақты бекіту.
Қандай жайлаулар бар?
Адамдар жайлауда қандай іс істейді?
Таулы жайлауда қандай жемістер өседі?
Үйге тапсырма:
141 бет, “Жайлауда” мәтінді түсініп оқу.
Ережелерді қайталау.
Бағалау.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 1.44 Mb |
Количество скачиваний: | 18 |