Презентация физика пәні тақырыбы "Механикалық толқындардың интерференциясы мен дифракциясы "
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Жусипназарова Гулмайра Макуакызы
|
Механикалық толқындардың интерференциясы мен дифракциясы
Сабақтың оқыту мақсаты:
қарапайым мысалдармен суперпозиция принципін түсіндіру және пайдалану;
дифракция бойынша тәжірибелерді түсіну, мысалы, толқындық ваннадағы су толқынының дифракциясы;
Пәндік лексика және терминология: Толқын дифракциясы, толқын интерференциясы, тұрғын толқын, суперпозиция принципі, толқын түйіні, тербеліс жиіліктері, тербеліс фазалары, стационар толқын, соққы.
Сабақта меңгеретініңіз:
интерференция ұғымы;
стационар толқындар ұғымы;
музыкалық аспаптардың қай жерінде стационар толқындар пайда болады;
соққы тұжырымдамасы;
дифракция және интерференция;
толқындардың дифракциясы;
тұрғын толқын.
Толқынды қозғалыстың қайсысына да болмасын интерференция және дифракция құбылыстары тән.
Кеңістіктің әрбір нүктесінде қорытқы тербелістер амплитудаларының уақыт жөнінен тұрақты таралу тәртібі орнайтындай болып, екі немесе бірнеше толқынның қосылуы интерференция деп аталады.
Толқындардың түзу сызықты таралудан ауытқуы немесе бөгеттерді орағытып өтуі дифракция деп аталады (difractus –латын сөзі сынған деген мағынаны береді).
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 3.46 Mb |
Количество скачиваний: | 221 |