Презентация и конспект урока ана тили на тему "Не тәтті?"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ашимжанова Бейбитгуль Камбаровна
|
Пәні: ана тілі
Сыныбы: 1 «Ә»
Мұғалімі: Ашимжанова Бейбитгуль Камбаровна
Тақырыбы: «Не тәтті? Жуан және жіңішке айтылатын сөздер»
Өткізілген ашық сабақ «Lesson Study» зерттеу сабақ тәсілі бойынша өтті. Ең алдымен бұл сабақты өткізбес бұрын бастауыш сынып ӘБ сабақ жоспарын құрып алынды және талқыланды.
Сабақ 8 кезеңге бөлінді:
І. Ұйымдастыру. Балалар шеңберге тұрып, тіл туралы өлеңдерін айтты. Бұл өлең жолдары оқушылардың ана тілге деген құштарлығын, ынталарын оятады. Содан кейін бір – біріне тілектерін айтты және бүгінгі сабақта не күтетіндері жайлы пікірлерімен бөлісті. Кейін көңіл күйлерін «бас бармақ» бағалау әдісімен бағалады.
Сынып 4 топқа бөлінген. Әр топтың басшысы бар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезінде, оқушылардың білімдерін жан – жақты тексеріп алдым, яғни сұрақтарға жауап алдым. Оқушылар жақсы жауап беріп отырды. Сұрақтар нөмірленген карточкаларда болды.
Үйге берілген «Әжесі мен немересі» атты өлеңді рольге бөліп, жатқа сұралды. Оқушылар үй тапсырмасына дайын болғандықтарын көрсетті.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде, оқушыларға сөзжұмбақ шешкізу арқылы жаңа тақырыпты ашып алдық.
Оқушылардың зейінділіктерін, ойлау қабілеттерін анықтау мақсатында «Ана» туралы өз ойларын жеткізуге бағыттадым. Олар өз ойларын толық жеткізе білді.
Одан кейін «Ана», «Не тәтті?» мәтінімен танысты. Мәтіндердің авторларымен таныстырылды, мазмұндалды. Сұрақ – жауап арқылы түсінгендері сұралды.
ІҮ. Сергіту сәті өткізілді.
Ү. Бекіту кезеңінде топпен шығармашылық жұмыс жүргізілді. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындай алды.
Рефлексия болды. Яғни оқушылар бүгінгі сабақта не түсінгендерін, не туралы айтқандары жайлы пікірлерін ортаға салды. Ойларын қорытындылады.
ҮІ. Үйге тапсырма берілді.
ҮІІ. Бағалау кезеңінде әр топтың жетекшісі өз тобының мүшелеріне қатысу бойынша ойларын айтты және топ жетекшілері бір – бірлеріне өз ойларын айтты. Ал бағаны мұғалімнің өзі қойды.
Тип материала: | Архив RAR (rar) |
---|---|
Размер: | 11.23 Mb |
Количество скачиваний: | 2 |