Презентация информатике пәнінен."Компьютрон еліне саяхат"
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Сарсенбаева Жаныл Саясатовна
|
Игілік орта мектебі
информатика кеші
Өткізген: Сарсенбаева Ж.
2013 - 2014 оқу жылы
Тақырыбы: «Стандартты программа» информатика кеші
Мақсаты: «Информатика кешінің» негізгі мақсаты оқушылар өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған.Әрбір тақырыпқа сай деңгейлік жаттығулар топтастырылған,теориялық материалдарды пысықтауға негізделген анаграммалар,анықтамалар берілген.
Түрі: қорытынды кеш
Әдіс - тәсілі: сұрақтарға жауап, топпен, жеке
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, тапсырмалар
Кештің барысы:
1-жүргізуші:
-Аманбысың,армысың,асыл халқым,
Шарлай берсін атағың мен әлем даңқың.
2-жүргізуші:
Амандасып алдымен сіздерменен,
Бастайық біз информатика кешін жалпың.
1-жүргізуші:
Ал енді тапқыр,достар,”Информатика кешінің” бастайық. Бастамас бұрын, Тақырыбымызға байланысты Стандартты программаның түрлеріне және оның қандай қызмет атқаратындығына бір сәт назар салайық!
Стандартты программаның түрлері. Слайд 5
2- Жүргізуші:
Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға оны өңдеуге мүмкіндік береді.Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Слайд 6
1-жүргізуші:
Қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.Ол мәтін мен абзацты пішіндеуге,шекараларды жылжытуға,шегініс орнатуға ,әртүрлі қаріпті қолдануға,сонымен қатар графикалық кескіндерді ,дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады. Слайд 7
2- Жүргізуші:
Қарапайым калькулятор-арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды орындайды.
Инженерлік калькулятор-қарапайым калькуляторға ұқсас,бірақ оның батырмалары көбірек ,олардың кейбіреулері 2-3міндет атқарады. Слайд 8
1- Жүргізуші:
Бұл программаға мекенжай мен телефоннан басқа,танысың жайлы да кез келген деректерді енгізіп,сақтауға болады. слайд 9
2- Жүргізуші: Балалар,біз стандартты программаның түрлерімен таныстық,ендігі кезекте біз “Информатика кешінің”2 бөліміне көшейік. Слайд 10
1-жүргізуші:Тапқыр достар,2 бөлімнің шартты бойынша,біз “информатика кешіне ” арналған өзіміздің ой-өрісімізді дамытып,қызықты жұмбақтар мен қазақтың мақал-мәтелдерінен бастайық.
2-жүргізуші:
Информатика елінде ,
Мақал айтып табысып.
Шалқытайық көңілді,
Жұмбақ айтып жарысып.
2- жүргізуші:
Ой-өрісімізді дамытып,
Жұмбақтарды шешейік,
Құпиясын ашайық,
Батыл қадам жасайық,
Білімділер алға озсын,
Жеңімпаз болып атанып! Слайд 11
Жұмбақтар
-Есепті дұрыс шешеді,
өзге тілдің сөзі ол,
жауабын дұрыс береді,
ойлан тапшы тез бол.
(Калькулятор)
-Сызық, төртбұрыш,
домалақ, көпбұрыш,
paint редакторының
бұл түрімен
көп істерді асырдық.
Тапшы қане
қай құралды жасырдық.
(Автофигуралар)
-Міндеті оның білсеңіз,
Тетігін бассаң алаңсыз,
Салады қағаз қаламсыз.
Батырмасын басасын,
Қажетті бейне саласың
(графикалық редактор)
- Стандартты программаның бұл түрі,
Келтіреді мәтінге пішінді.
Жасайды ол мәтіндік құжатты,
Қолданамыз әр түрлі қаріпті.
(wordpad мәтіндік редакторы)
Мақал-мәтелдер
• Компьютер – даму бұлағы.
• Калькулятор – түбі дұрыс шешім.
• Информатика пәнін оқысаң ерінбей,
Компьютерді жетік білесің тіленбей.
• Ер – елінде,
Стандартты бағдарлама компьютерде.
• Ер ұлсыз болмас,
Компьютер жүйелік блоксыз болмас.
• Құр судан май шықпайды,
Программасыз компьютерден мән шықпайды.
• Адам Отанын іздейді,
Іздеу бағдарламасы бәрін іздейді.
ІІ топ
• Елді ер сақтайды,
Компьютерді антивирус сақтайды.
• Жер – байдыкі,
Су – сайдыкі,
Блокнот – стандартты бағдарламанікі.
• Колонкасыз компьютердің үні шықпас,
• Жалғыз қыздың мұңы шықпас.
• Қол өнері- кілемде,
• Есеп өнері калькуляторда.
• Процессор-арғымақ,
• Тышқан-азамат,
• Монитор-жанат,
• Пернетақта-қанат.
Сиқырлы сөзді тап
• Б к с п р о г
• Л а т а н д р а м
• А л ь к у л а р т м а
• К н о т я т о р т ы
І топ
• 1.Ерікті сызықтарды салуға арналған құрал аты?
• 2.Бояулар орналасқан тақта аты?
• 3.Қандай құрал бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады?
• 4.Қисық сызықтарды салу құралы?
• 5.Меню қатарларының бірі
• 6.Графиктік .....
• 7.Масштабты үлкейту құралы
• 8.Қай құрал суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған?
ІІ топ
• 1 Калькулятор түрі?
•
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 9.13 Mb |
Количество скачиваний: | 7 |