Презентация к проекту «Жазбаша шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру»
Предмет:
Математика
Категория материала:
Презентации
Автор:
Ибраева Алия Жаксылыковна
Здесь была ссылка на работу Презентация к проекту «Жазбаша шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру» автора Ибраева Алия Жаксылыковна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Аңдатпа Жұмыстың тақырыбы: Орыс тілінде білім беретін мектепте жазбаша шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру Пәні: жазбаша шығармашылық жұмыстарының әдіс-тәсілдері Нысаны: жазбаша шығармашылық жұмыстарына үйрету процесі Мақсаты: Жазбаша шығармашылық жұмыстарын жазудың әдіс-тәсілдерін таңдау; оларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру; мәселеленің шешу жолдарын анықтап, оқушының шығармашылығын дамыту жолдарын ойластыру. Міндеттері: I. Оқушылардың жазбаша шығармашылық жұмыстарының жазуын кешенді жүйеге келтіру II. Шығармашылық жұмыстарының ұйымдастыруын кеңінен қарастыру, оларға қоятын талаптарын жүйелеу III. Оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін белгілеу IV. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының жазбаша шығармашылық жұмыстар жазуындағы басымдылығын дәлелдеу Жоба жұмысының жаңашылығы: қазіргі таңда қазақ тілін оқытудағы қиындықтарының бірі – жазбаша шығармашылық жұмыстарын жазу, бұл мәселенің шешімі табылған емес. Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың қажеттілігін шындай отыра, мәселеге жаңа көзқарас білдіреді: заман талаптарына сай өзіндік ерекшелігі мол, болашаққа сенімді, ойы ұшқыр, озық ойлы тұлғаны қалыптастыру үшін шығармашылық жұмыстарының дербестігін дамыту керек. Жобаның ғылыми-теориялық базасы: 1. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» (негізгі және орта деңгей) оқу бағдарламасы. Бағдарлама авторлары: Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т., Дәулетбекова Ж.Т., Рахметова Р.С., Мадиева А.Т., Рауандина А.Қ., Қалиакпар Д.Қ., Қадашева Қ.Қ. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Егемен Қазақстан, 1наурыз 2007ж. 73-77 б.б. 3. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 4. Жанабілова А.Қ. Тіл дамыту жұмыстарының инновациялық технологиясы. – Өскемен, 2008. Жоба жұмысының өзектілігі: қазақ тілін оқытудағы нормативтік құжаттарға, солардың ішінде стандарттар мен бағдарламаға ерекше тоқталсақ, қазіргі таңда құжаттардың талаптары, жазба жұмыстарының белгіленген нормалары анық емес, өйткені олар жаңа бағдарламаға сай болмай тұр. Болжау: Егер оқушылардың жазбаша шығармашылық жұмыстарының жазуын кешенді жүйеге келтірсек, көптеген қиыншылықтар жойылады. Шығармашылық жұмыстарының ұйымдастыруына жан-жақты қарап, оларды жүйеленген талаптарына сай орындауға жағдай жасай аламыз. Сонда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын басымдыққа алып, оқушылармен жүргізетін жұмыстар мазмұны анықталады.